Алмаc Ахметбекұлы
Алмас Ахметбекұлы – 1961 жылы ҚХР, Тарбағатай аймағында дүниеге келген. 1982 Іле педагогикалық институтының Филология факультетін тәмамдаған. 1982-1992 жылдар аралығында Шәуешек қаласында шығарылатын «Тарбағатай» әдеби журналының редакторы болып қызмет атқарып, 1993 жылы тарихи Отанына оралды. 1993-1995 жылдары «Жас Алаш» газетінде тілші, 1996-2006 жылдары әл-Фараби атындағы ҚҰУ журналистика факультетінде аға оқытушы болып қызмет атқарған. 1997 жылы ҚР Парламент Мәжілісінде баспасөз қызметкері болып жұмыс істеген. Алмас Ахметбекұлы өткен ғасырдың 80-жылдарында поэзия әлеміне араласқан, қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар дара әрі талантты ақын. Ойлы образға, шынайы сезімге толы сыршыл өлеңдерінің арқасында оның есімі сол 80-жылдардың өзінде-ақ Шыңжаң қазақтарына кеңінен танымал болды. Алмас өлеңдерінің мен білетін бір ерекшелігі – қарапайым халық тілі арқылы әсері мол көркем оймен қиысатыны. Демек оның жасампаздығында тіл, образ, бояу, идея – осы төртеуі шебер үйлесім тауып отырады. Бұл ретте оның ертеректе жазған «Туған жерім – балалығым», «Сәуірдің бұлты», «Аптап» т.б. өлеңдерін атауға болады. Оның «Бозінген» атты өлеңі тұнып тұрған дала сазы деуге лайық. Көптеген ән сөздерін жазған. Солардың бірі - “Көк тудың желбірегені” әні. Әуенін жазған - Ермұрат Зейіпхан.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
