Күләш Ахметова
Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.
1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы ҚазМҰУді тамамдаған.Үшарал медпунктінде меңгеруші, Талас аудандық «Ленин жолы», 1973–1977 жж. республикалық «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1977–1980 жж. «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болды.
Марапаттары
1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді
2006 жылы «Құт» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
«Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері
2006 жылы - Құрмет ордені
2017 жылы - Парасат ордені
Жамбыл облысының құрметті азаматы
ҚР көптеген мерекелік медалдарымен және президенттің алғыс хаттарымен марапатталған
ҚР тұңғыш президенті - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әдебиет саласындағы мемлекеттік және президенттік степендияларының иегері.
Өлеңдері
Ақ гүлім менің. «Жазушы», 1975
Сен менің бақытымсың. «Жалын», 1977
Жапырақ – жаздың жүрегі. «Жалын», 1979
Мейірім. «Жалын», 1981
Бұлақтағы жұлдыздар. «Жазушы», 1982
Жасыл жағалау. «Жалын», 1984
Возвращение аистов. (орыс тілінде). «Жазушы», 1985
Арғымақтар даласы. «Жалын», 1987
Сен жанымда жүрсең. «Жазушы» (1987)
Наурыз нұры. «Жазушы», 1991
Күн шыққанда күліп оян. «Ана тілі». 1996
Бақ. «Атамұра», 2006
Құт. «Дәуір», 2006
Махаббат. «Дәуір», 2007
Жайна Қазақстан, «Салық тәртібі», 2011
День отрады, «Седьмая верста», 2014
Бақытты болыңдар, «Қазақпарат», 2014
Орман. «Фолиант», 2015
Менің сәулелі сәттерім. «Шығыс ақпарат», 2015[1]
Ахметова өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, башқұрт, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған.
А.Ахматова, А.Межиров, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне тәржімалады.[2]
Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етеді. Замандастың көңіл-күйі, жан әлеміндегі құбылыстар, әйел тағдыры — ақынның лирикалық толғаныстарының арқауын құрайды.
Көп оқылғандар
07.10.2026
1670
05.10.2026
1547
05.10.2026
1529
08.10.2026
1454
09.10.2026
1387
08.10.2026
807
09.10.2026
695
08.10.2026
676
05.10.2026
653
05.10.2026
549
09.10.2026
521
09.10.2026
219
18.09.2026
3168
21.09.2026
3154
25.09.2026
3063
17.09.2026
2822
29.09.2026
2287
16.09.2026
2079
28.09.2026
1982
20.09.2026
1930
12.09.2026
1911
30.09.2026
1903
27.09.2026
1749
07.10.2026
1670
25.09.2026
1614
11.09.2026
1569
05.10.2026
1547
