Ахметжан Аширов
Ахметжан Аширов (Ашири) - 1938 жылы 20 тамызда Алматы облысы Шелек ауданы (қазіргі Еңбекшіқазақ ауданы) Малыбай ауылында туған. Талдықорған облысы Панфилов педагогикалық училищесін, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіріп (1956), қазақ тілі және әдебиеті мамандығын алды. 1961 -62 жж. «Қазақ радиосының» ұйғыр редакциясында қызмет істеді. 1962-65 жж. Ы.Алтынсарин атындағы педагогика пәндері ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында оқыды. Аспирантураны бітіргеннен кейін Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл қайрат мектебінде ұстаз болып істеді.
1970-82 жж. «Коммунизм туғи» (қазіргі «Уйғур авази») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің бастығы, кейін осы газеттің жауапты хатшысы қызметін атқарды. 1982 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағы басқармасында ұйғыр әдебиеті бойынша кеңесші болды.
1986 жылы Қазақстан жазушыларының ІХ Құрылтайында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, КСРО жазушыларының VІІІ Құрылтайына делегат болып сайланды және 1986 жылғы Құрылтайына қатынасты. Осыдан кейін Кеңес Одағы Әдеби қорының мүшесі болып, қоғамдық негізде қызмет етеді. «Жұлдыз», «Простор» журналының ақылдастар алқа мүшесі, 2002 жылы әдебиет бойынша Мемлекеттік сыйлықты беру комитетінің комиссия мүшесі болып сайланды. 1991 жылы ұйғыр тілінде жарық көрген «Арзу» журналының бас редакторы болып қызмет етті. А.Ашири 1982-2018 жж. Қазақстан Жазушылар одағында ұйғыр әдебиеті кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. Қ.Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында драматургия секциясын басқарады. Жазушының көптеген повесть, әңгімелері қазақ, орыс, саха-якут, қырғыз, өзбек, қытай, венгер, украина, түрік тілдеріне аударылған. «Идиқұт» романы үшін 2003 жылы Ұйғыр меценаттар клубының бірінші дәрежелі «Илһам» сыйлығын алды. Ұйғыр театрында сахналанып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Ялқун Шәмиев қойған «Идиқұт» спектаклі Орта Азия мемлекеттері ІІІ Халықаралық театрлар фестивалінің лауреаты атанды. Драматургке осы спектаклі үшін 2012 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. Түркияның Анкара қаласындағы Еуразия Жазушылар қауымдастығы, «ТҮРКСОЙ» Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен драматургия саласы бойынша өткен Қорқыт ата атындағы халықаралық байқауда «Чарбақ» пьесасымен 1 орын иеленіп, жеңімпаз атанды. «Еңбектегі ерлігі үшін» (1986) медалімен, Кеңес Одағы әдебиетін дамытудағы үлесі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен (1988), «Астана» (1998) медалімен, «Құрмет» орденімен (2009), «Астанаға 10 жыл» (2008), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Алғыс хатын» (2011), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын (2014) алды. Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы (2003),
«Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» (2016) медалінің, республикалық «Театр қайраткерлері одағының» «Еңлікгүл – 2014» кәсіптік сыйлығының «Жыл драматургі» деген құрметті атағының иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Шығармалары: «Яшиғиним яшиған» (1965), «Кәчмәс көңлүм» (1969), «Солмас гүл» (1977), «Нур ана» (1987) романы, «Йәргә төкулгән яш» повесі (1989) ШУАР ҚХР «Хәлиқ» баспасында басылып шықты. «Идиқұт» романы (2003), «Тәғдир» повесі «Нұрлы Press.kz» баспасынан (2016) ұйғыр тілінде жарық көрді. «Дилизия» роман-эссесі, «Ладомир» (2013) Мәскеуде орыс тілінде басылып шықты.
Орыс тіліне тәржімаланған шығармалары:
Одинокая мята (Роман, «Жалын», 1989), Цветы живые (Повести и рассказы, «Жалын», 1983), Идикут (Роман, «Мир», 2010), Одинокая мята, (Роман, «Арда+7», 2014) 1-том; Идикут (Роман. «Арда+7», 2014) 2-том; Светлая душа. Роман-эссе, «Ладомир», 2013, Мәскеу. Түрік тіліне аударылған көркем шығармалары: Идиқұт. Пьеса, 2014, «Бенгу» баспасы, Анкара; «Театр альманағы – 11», Идиқұт пьеса, «Бенгу» (2015), Анкара, Идикут. Роман, «Бенгу» баспасы, 2016, Анкара, т.б.
Көп оқылғандар
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Юй Хуа. Соқыр ішек
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато