Әлсейіт Ақпанбетұлы
Әлсейіт Ақпанбетұлы 1943 жылы 22 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданында дүниеге келген.
1959–1962 жж. кеңшарда, құрылыс басқармасында істеген. 1966 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетін бітірген.
1966–1973 жж. Сырдария ауданындағы орта мектептерде мұғалім, аудандық оқу бөлімінде әдіскер, 1973–1977 жж. «Мектеп» баспасында редактор, 1977–1981 жж. Қазақ КСР Оқу министрлігінде инспектор, Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық ғылымизерттеу институтында ғылыми қызметкер, 1981–1990 жж. Қазақ радиосының әдебидрамалық хабарлар Бас редакциясында редактор болып жұмыс істеген.
1991 жылдан бері республикалық балалар басылымы «Балдырған» журналында бөлім редакторы, редакцияның алқа мүшесі. ҚР білім беру ісінің үздігі. Алғашқы өлеңдері 1964–1965 жж. өлкелік «Оңтүстік Қазақстан», облыстық «Ленин жолы» газеттерінде жарияланды. Жазушының «Түнгі көбелек» аталатын трагикомедиясы 1998 жылдан Қызылорданың Нартай Бекежанов атындағы музыкалықдрама театрында, Шымкенттің Ж.Шанин атындағы драма театрында қойылып келеді. «Дүниедуман» комедиясы қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында 2001 жылдан қойылуда.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4011
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1434
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
935
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4011
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
