Төлеутай Ақшолақов
Төлеутай Ақшолақов (1915-2010) - 1915 жылғы 4 мамырда Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. Педагог-ғалым, Әдіскер-ұстаз. Педагогика ғылымының докторы (1975), профессор (1980). «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының тұңғыш редакторы. Көптеген әдістемелік оқу құралдары, зерттеу, монографиялардың авторы. Әуезов «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының алғашқы санына құттықтау жазып (1958), жылы лебіз айтты, ақ батасын беріп, жас ұрпақты туған тілі мен әдебиетке деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелейтін құнды басылым болатынына сенім білдірді.
Зерттеу еңбектерінде ұлы жазушының шығармашылығына кеңінен тоқталып, оның негізгі кесек туындыларына талдау жасады. «Шығарманың көркем компоненттерін оқыту» атты еңбегінде (1968) орта мектепте көркем шығарманы оқып үйрену барысында Әуезов туындыларының сюжеті мен композициясын көптеген мысалдарының бірі ретінде қарастырып, идея мен түрдің тұтастық бірлігін бұзбай талдау қажеттігін сөз етті. «Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» монографиясында (1975) Әуезовтің оқу бағдарламасына енген шығармаларын оқып үйренуде әр түрлі әдістерді қолдана отырып, көркем туындыдағы идеялық-эстетикалық мән-мазмұнды ашуды көздеді. Бұл ретте «Абай жолындағы» Қодардың өлімі, Бөжей асы сияқты сюжеттік жетістіктерге эстетикалық талдау жасаудың үлгілерін ұсынды. Ал «Көркем шығармаға талдау жасау» деген монографиясында (1983) негізгі ой-түжырымдарын «Қараш-қараш» повесін, «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай тағы басқа кейіпкерлер характерлерін талдау негізінде өрбітті. «Шығарманың көркем айшықтарын таныту» атты зерттеуінде (1994) «Қараш-қараш» повесі мен «Абай жолы» эпопеясын үздік шығармалар қатарында жан-жақты талдады.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
