Өтепберген Ақыпбекұлы
Өтепберген Ақыпбекұлы (1950–2007) - 8 қазанда Қызылағаш ауылы, Қапал ауданы (қазіргі Ақсу), Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған. Алматы жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін бітірген. Еңбек жолын туған ауданындағы Абай атындағы кеңшарда тракторшы, клуб меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы болып бастайды.
1973–1985 жж. Қапал аудандық «Қапал еңбеккері» газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, кейіннен облыстық «Октябрь туы» газетінде жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарады.
1985–1995 жж. республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жалын», «Денсаулық», «Жанашыр», «Халық Конгресі» газет, журналдарында аға тілші, бөлім меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы, Бас редактордың орынбасары болып қызмет істеді.
1995–1998 жж. Республикалық «Казгидромет» агенттігінде, ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Ұлттық Банкінде аға референт, кеңесші, ҚР Әділет министрлігінің басқарма бастығы қызметтерін атқарды. Бірнеше дүркін Қазақстан Жазушылар одағы, Қазақстан ЛКЖО Орталық комитеті мен «Жалын» баспасының бірлескен дәстүрлі конкурсының және республикалық, халықаралық мүшәйралардың жүлдегері атанды.
Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыстан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні»,. «Экологиялық әліппе», Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Қызықты әліппе», «Айдындағы әліппе», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
