Зейтін Ақышев
Зейтін Ақышев (1911–1991) - 18 сәуірде Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған.
1931 жылы Баянауыл аудандық оқу бөлімінің іс жүргізушісі, кейін оның инспекторы, жеті жылдық мектептің мұғалімі, директоры болды.
1939 жылы Семей педагогикалық институтының физикаматематика факультетін бітіріп, Павлодар, Талдықорған облыстық оқу бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарды. Алматыдағы Оқупедагогика баспасында аға редактор, редакция меңгерушісі, Бас редактор болды.
1955–1960 жж. республикалық «Қазақстан мұғалімі» газетінің редакторы, 1965–1969 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің аппаратында аудармашы редактор, ал 1970–1972 жж. Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми редактор болды.
1930 жылдың мамыр айында «Ағаш үй» атты тұңғыш өлеңі Павлодардың округтік «Колхоз» газетінде басылды. Содан бергі жылдар ішінде бірнеше әңгіме, повесть, романдары жекежеке жарық көрді. Бірталайы орыс тіліне аударылды. Драматургия саласында да («Жаяу Мұса», «Келіндер») еңбек етті. В.Панованың «Кружилиха» романын (1952), А.Куприннің «Жекпежек» повесін (1955), Я.Коластың «Талап атай» повесін (1956), т.б. қазақ тіліне аударды.
Шығармалары: Біздің шамшырақтар. Очерктер. А., 1962; Достарым менің. Әңгімелер мен повестер. А., «Жазушы», 1967; Ақбел асуы. Роман. А., «Жазушы», 1975; Жесірлер. Бұршақ соққан жер. (Дилогия). А., «Жазушы», 1973, 1976; Жаяу Мұса. Роман. А., «Жазушы», 1981.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
