Бақтияр Әбілдаұлы
Бақтияр Әбілдаұлы (1937-2012) - 1937 жылы 10 қарашада Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ақкөл ауылында өмірге келген.
1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін қызыл дипломмен тамамдаған. Жамбыл облыстық қазіргі «Ақ жол» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметін атқарған.
1963–1964 жж. Жамбыл облыстық комсомол комитетінде үгіт-насихат бөлімін басқарған. Алғашқы әңгімелері студент кезінде-ақ республикалық «Пионер» журналында және үшінші сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығында жарияланды. Алғашқы жинағы «Тұлпардың тұяғы» (олимпиада чемпионы Абсент туралы) хикаяты 1980 жылы «Қайнар» баспасынан жарық көрді.
1986 жылы Жамбыл облыстық Абай атындағы драма театрында «Айша Бибі» тарихи трагедиясы, 1992 жылы «Сыпатай батыр» пьесасы қойылды.
1995 жылы «Төле би» атты тарихи драмасы театрда Қадыр Жетпісбаевтың режиссерлығымен сахналанды.
1999 жылдан бері Мұхаммед Хайдар Дулат мырза туралы тарихи драмасы Жамбыл облыстық театрының репертуарында. Көбінесе тарихи тақырыптарға жазады.
«Төле би және Қойгелді батыр» (1992), «Рысбек батыр» (1994) атты жинақтары, «Бөлтірік би» атты тарихи хикаяты (1996), сондай-ақ «ТаласТараз» (1998, «Санат»), «Жауғаш батыр – Абылай ханның елшісі» (1999), «Сыпатай батыр» (2000), «Тағдыр толқындары», «Шапырашты Наурызбай батыр» тарихи деректі романдары жарық көрген.
Қазақстан Журналистер одағының лауреаты, Тараз қаласының Құрметті азаматы. Бірнеше медальдармен марапатталған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
