Сейтқан Әбілқасымұлы
Сейтқан Әбілқасымұлы (1926–1999) - 18 қыркүйекте Қытай Халық Республикасының Алтай аймағы, Жеменей ауданы, Топтерек ауылында дүниеге келген.
1934 жылы мектеп табалдырығын аттаған талапты жас 1938 жылы, әкесі Үрімші түрмесіне қамалғаннан кейін, оқудан қол үзіп, еңбекке араласты.
1944–1945 жж. Шығыс Түркістандағы ұлтазаттық көтеріліске қатысты.
1947 жылы Шығыс Түркістан Жеменей аудандық жастар ұйымының хатшысы.
1948–1954 жж. Шыңжаң халық демократиялық одағының Қаба аудандық атқару комитетінің бастығы, Алтай атқару комитеті бастығының орынбасары болып істейді.
1954–1957 жж. Қытай коммунистік партиясы Алтай аймақтық комитетінің үгітнасихат бөлімінің меңгерушісі.
1958–1964 жж. «Алтай» газетінің Бас редакторы болды. Мәдени төңкеріс кезінде қуғынға түседі.
1969 жылы абақтыдан қашып шығып, Монғолияға өтеді. Қаламгердің үш роман, төрт повесть, екі өлеңдер жинағы монғол, қазақ тілдерінде кітап болып басылып шығады.
1981 жылы «Жазушы» баспасынан «Қара боран» романы жарық көрді.
1993 жылы атамекеніне оралған жазушының қаламынан «Оспан батыр», «Бір уыс қан» атты шығармалар туындады.
Көп оқылғандар
13.11.2026
4389
14.11.2026
4011
17.11.2026
2487
17.11.2026
2151
15.11.2026
2003
18.11.2026
1434
18.11.2026
1420
13.11.2026
1119
13.11.2026
1007
13.11.2026
976
18.11.2026
936
16.11.2026
869
18.11.2026
855
17.11.2026
834
03.11.2026
5018
21.10.2026
4898
28.10.2026
4848
22.10.2026
4820
12.11.2026
4658
13.11.2026
4389
04.11.2026
4317
14.11.2026
4011
12.11.2026
3761
28.10.2026
3634
06.11.2026
3222
17.11.2026
2487
22.10.2026
2325
11.11.2026
2309
12.11.2026
2225
