Тұрсынхан Әбдірахманова
Тұрсынхан Әбдірахманова (1921–2003) - 5 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданына қарасты «Бөке» кенішінде туған.
Ұлы Отан соғысы жылдарында мұғалім, мектеп директоры, Абай, Аягөз аудандық комсомол комитеттерінде бірінші хатшы, Шар аудандық партия комитетінде бөлім меңгерушісі, 1947–1949 жж. Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы, бұдан соң Алматы қаласында Совет аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1950–1954 жж. «Қазақстан әйелдері» журналының бөлім меңгерушісі, 1954–1956 жж. ҚазМУде студент, 1959–1963 жж. аспирант, 1966 жылға дейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетте аға редактор, Қазақ КСР ҒАсында (1967–1969) ғылыми хатшы, 1969 жылдан 1986 жылға дейін Қазақ КСР ҒАның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. 1964 жылы «Ілияс Жансүгіровтың лирикасы» атты тақырыпта кандидаттық, 1981 жылы «Қасым Аманжоловтың поэтикасы және оның бүгінгі қазақ лирикасымен дәстүрлік ұласуы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
1959 жылы «Ән» деген атпен тұңғыш жинағы жарық көрді. Содан бері қырыққа жуық жыр жинағы оқырманға ұсынылды. Олардың біразы орыс тіліне аударылып, жеке кітап болып шықты, кейбір өлеңдері чех, неміс, ағылшын, испан, француз, араб, корей және басқа шетел тілдеріне аударылды.
Ол Евг. Юнганың «Даңқы өшпес кеме» повесін, М.Стельмахтың Лениндік сыйлық алған «Адам қаны – су емес» романын, А.Маяковскаяның «Владимир Маяковскийдің балалық және жастық шағы» атты әңгімесін, т.б. шығармаларды қазақ тіліне аударды. Бірнеше орденмедальдармен марапатталған.
1984 жылы «Қазақ КСР Халық жазушысы» деген атаққа ие болды.
1985 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығы берілді. ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (1997). «Парасат» орденінің иегері.
Шығармалары: Ән. Өлеңдер А., ҚМКӘБ, 1959; Әннен әнге. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Танисыз ба бұларды? Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Ақын сыры. Монография. А., «Жазушы», 1964; Шырқау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Көгершін көңіл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Песня. Стихи. А., «Жазушы», 1968; Белый луч. Стихи. М., «Советский писатель», 1971; Кілт. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Кемел. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1974; Қасым Аманжоловтың поэтикасы. Монография. А., «Ғылым», 1976; Мерей. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1981; Наз көңіл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1984; Избранные. М., «Советский писатель», 1985; Радость. Стихи. А., «Жазушы», 1985; Екі томдық таңдамалы шығармалар. А., «Жазушы», 1992; Замана сазы. Өлеңдер, зерттеулер. А., «Ана тілі», 2000; Қазағым қайда барсам танытқаным. Жолжазба. А., «Атамұра», 2001; Сөйле, қалам. Өлеңдер, толғаулар. А., «Мерей», 2001.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...