Жарасқан Әбдіраш
Жарасқан Әбдіраш (1948–2001) - 7 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында туған.
1963–1965 жж. Қазалы ауыл шаруашылығы техникумында оқыған.
1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетіне қызметке орналасады. Одан кейін «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жалын» альманағында, «Жұлдыз» журналында жұмыс істеп, Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы көркем аударма және әлемдік әдебиеттер байланысы бас редакциясы төрағасының орынбасары, «Тамаша» ойын-сауық телехабарының Бас редакторы болып қызмет еткен.
Ақынның алғашқы жыр жинағы – «Тұңғыш кітап» 1969 жылы жарық көрсе, онан беріде қазақ лирикасы, балалар поэзиясы, әдебикөркем сын және пародия, аударма саласында жиырмадан астам кітабы оқырман қолына тиді. Өлеңдері оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларға, хрестоматияларға енген. Шығармалары «КСРО ақындар антологиясына» енген. «Қаладан келген қыз» атты естелікпоэмасының желісімен көркем фильм түсіріліп, ол туынды халықаралық фестивальдардан бас жүлделерді жеңіп алған.
М.Әуезовтің 100 жылдығына, сондайақ Қарабура әулиеге арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегері, М.Жұмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты.
Шығармалары орыс, неміс, болгар, венгр, украин, белорус, өзбек, тәжік, әзербайжан, түркімен, саха, қырғыз тілдеріне аударылған.
Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер А., «Жазушы», 1969; Ол не?. А., 1969; Р.Тагор. А., 1969; Ақ қайрақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Саяхат. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; П.Элюар. А., 1972; Что это?. А., 1972; Найзағайлы жаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Агния Барто. А., 1974; Дала, сенің ұлыңмын. Өлеңдер. А., «Жалын», 1975; Соғыстан соң туғандар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Дәрігер айболит. А., 1978; Перзент парызы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Муин Бсису. А., 1981; Досың болғым келеді. Өлеңдер мен поэма. А., «Жалын», 1983; Парасат пен парыз. Әдеби сын. А., «Жазушы», 1973; Летние грозы. Стихи. А., «Жазушы» 1985; Школьный звонок. Стихи. А., «Жалын», 1988; Вадим Скоморовский. А., 1986; Әзілің жарасса. Эпиграммалар. А., «Жалын», 1989; Наталья Орлова. А., 1989; Таңдамалы шығармаларының үш томдығы: Көңіл көкпары. Өлең, баллада, поэма, аударма. А., «Ана тілі», 1998; Сана соқпағы. Өлең, баллада, эпиграмма, аударма. А., «Жалын», 1998; Шежірелі шаңырақ. Өлең. Тақпақ, ертегі, санамақ, жұмбақ… А., «Рауан», 1998; Құлпытас. Эпитафиялар, өлеңдер, поэмалар, эпиграммалар. А., «Атамұра», 2001; Парыз, парасат, пайым. А., 2001; Саяхат. А., 2003.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды