Маршал Әбдіхалықов
Маршал Әбдіхалықов (1936–1990) - 26 шілдеде Маңғыстау облысы (бұрынғы Адай уезі), Форт Шевченко қаласында туған.
1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Содан кейін өзінің туған өлкесіндегі мектептерде, Т.Шевченконың әдебимемориальды мұражайында, аудандық газетте, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Қазақстан әйелдері» журналында «Қазақфильм» киностудиясында, «Жұлдыз» журналында еңбек етті.
Автордың алғашқы «Нәрсіз гүл» деген әңгімесі «Әдебиет және искусство» («Жұлдыз») журналында (1955), «Отызмыңыншы» деп аталатын алғашқы кітапшасы «Қайнар» баспасынан (1965), «Маңғыстау хикаялары» деген кітабы (1967) «Қазақстан» баспасынан жарық көрді. «Сүйінқара» атты тарихи романы «Жұлдыз» журналында (1981) жарияланды.
1981 жылы «Асыл жандар» атты пьесасын Атырау облыстық музыкалы драма театры сахналады. Маңғыстау облысы, Түпқарағай ауданы, Ақшұңқыр ауылындағы орта мектепке жазушының аты берілген және мұражайы бар.
Шығармалары: Ленин тапсырмасы. Повесть (1981 жылы – орыс, 1982 жылы украин тілдерінде жарияланды). А., 1967; Желаяқ бала. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Алыстағы Маңғыстауда. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Қара тасқын. Повесть. А., «Жазушы», 1975; Мұнайшылар қаласы. Суретті кітапша. А., «Жалын», 1977; Жердің асты жеті қат. Роман. А.., «Жазушы», 1978
Көп оқылғандар
26.10.2026
1560
28.10.2026
1436
27.10.2026
845
26.10.2026
763
27.10.2026
737
28.10.2026
656
28.10.2026
404
24.10.2026
385
25.10.2026
384
28.10.2026
292
23.10.2026
255
25.10.2026
237
28.10.2026
229
23.10.2026
210
21.10.2026
4378
22.10.2026
4232
20.10.2026
3370
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2915
09.10.2026
2863
16.10.2026
2571
09.10.2026
2283
05.10.2026
2281
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2115
14.10.2026
1871
