Қансейіт Әбдезұлы
Қансейіт Әбдезұлы 1953 жылы 6 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген.
1975 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, аспирантурасын, докторантурасын аяқтаған. Ұстаздық еңбек жолын осы университетте оқытушылық қызметтен бастап, кейін ҚР Ғылым және білім министрлігінің жоғары білім беру басқармасында бөлім бастығы, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогтік институтында доцент, қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология факультетінің деканы қызметтерін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университетінде оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды.
Жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектебі Ғылым академиясының академигі. Қазір әлФараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде филология факультетінің деканы, қазақ әдебиеті кафедрасының професоры.
2006 жылдан университеттегі әдебиеттану ғылымы саласы бойынша докторлық Диссертациялық кеңестің төрағасы. Қазақ әдебиетінің тарихына арналған бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы. Т.Әлімқұлов шығармашылығы жайында «Ел мен жер» атты тұңғыш зерттеу еңбегін жариялады.
1995 жылы «Рауан» баспасынан «Кейіпкер және тартыс», 2000 жылы «Санат» баспасынан «Т.Әлімқұлов және қазақ прозасы», 2001 жылы «Ғылым» баспасынан «Т.Әлімқұлов және 60–80 жж. қазақ әдебиеті» атты кітаптары, 2002–2003 жж. «Қазақ университеті» баспасынан «Әдебиет және өнер» атты зерттеуі, «Жазушы және заман шындығы» атты сын мақалалар жинағы, 2004–2008 жылдары «Қазығұрт» баспасынан «Тарих және тағдыр» атты кітабы, «Арыс» баспасынан «Т.Әлімқұлов және қазақ прозасы» атты зерттеуі, «Қазығұрт» баспасынан «Таным көкжиегі» атты публицистикалық және сын мақалаларының таңдамалысы жарық көрді. 2006 жылы Ресей Ғылым Академиясының әдебиеттану ғылымы саласындағы М.Шолохов атындағы Алтын медалінің иегері, 2008 жылы «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» атағын иеленді. Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының Құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
