Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Әлімжан Елен
Әлімжан Елен Әбдуатұлы
1945 жылдың 18 маусымында Жамбыл облысының Талас ауданындағы Көмекші ауылында (кейін Аққұмға қосылған) дүниеге келген. Жазушы, драматург, публицист.
1945 жылдың 18 маусымында Жамбыл облысының Талас ауданындағы Көмекші ауылында (кейін Аққұмға қосылған) дүниеге келген. Жазушы, драматург, публицист.
«Аққұм» жеті жылдық, Бостандық ауылындағы «Алғабас» орта мектебін бітірген (1961ж.), Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-і филология факультетінің 1968 жылғы түлегі. Қазақ телестудиясының коментаторы (1968-70), Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетінің тілшісі, бөлім меңгерушісі (1970-1976, 1999-2004), бас редакторының орынбасары (2004-2008), Қазақстан Компартиясы Жамбыл облыстық Комитетінің нұсқаушысы (1976-1980), «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі (1980-1991), телерадио компаниясының төрағасы (1991-1996), «Түркістан» газетінде бөлім меңгерушісі, «Қазақ энциклопедиясы» баспасында жетекші маман (1997-1998), «Алтын шырақ» журналының жауапты шығарушысы (2006-2008), облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы ақпараттық талдау орталығының бөлім меңгерушісі (2008-2015) қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында қосымша қызмет атқарды.
Елен Әлімжан облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып келеді. Ақын-жыршылар одағы облыстық бөлімшесінің жетекшісі ретінде 1980-90 жылдары облыста көптеген жас айтыс ақындарының қаулап өсіп шығуына тәлімдік көрсетті.
«Жамбыл-Тараз» телерадиосы арқылы екі жыл бойы (2013-2015) қазақ халқының тарихын әңгімелеп берді. Еліміздің тәуелсіздігі және 25 жылда қол жеткен табыстары туралы түрлі аудиторияларда тұрақты лекциялар оқып тұрады.
Тұңғыш «Ән сыры» атты әңгімесі Қазақстан жас жазушыларының «Таңғы шық» (1964) атты жинағында жарық көрген. «Оралу» (1978), «Көріпкел» (2000), «Ақ періште – арманым» (2016) әңгімелер мен хикаяттар, «Тақталас» (2006), «Толық адам туралы» (2005), «Бауыржанның пырағы» (2010), «Адамгершіліктің ақ жолы» (2013) атты пьесалар мен публицистикалар жинағының, «Анажар» (2019) романының авторы.
Елен Әлімжанның пьесалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында және бірсыпыра облыстық театрларда, халық театрларында қойылып келеді. «Тақталас», «Бір қазаққа бір қатын?!...» комедиялары орыс тіліне аударылып, Жамбыл облыстық орыс драма театрында, «Жанұран» комедиясы қырғыз тіліне аударылып, Қырғыз телерадиокорпорациясының «Учур» театрында қойылды. «Айт күні» атты әңгімесі Анкарада жарық көрген түрік халықтары әдебиеті антологиясының қазақ әдебиеті томына енген. Жазушының «Бауыржан Момышұлы» атты драмасы осы тұлғаның 100 жылдығына арналған республикалық драмалық шығармалар конкурсында бірінші орын алса (2010), «Әйелдер бір істі бастады...» атты комедиясы Мәдениет министрлігі жариялаған «Тәуелсіздік толғауы» конкурсының комедия номинациясы бойынша екінші жүлдегері (2014) болып танылды. «Ақ періште- арманым!» атты драмасы Мәдениет министрлігінің грантына ие болған.
Кеңестер Одағының үш медалімен және Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. «Құрмет» орденінің иегері, «Жамбыл облысының Құрметті азаматы».
Отбасы жайлы мәлімет:
Жазушының әкесі Әбдуат Әлімжанұлы (1910-1995) ескіше оқыған сауатының арқасында шағын ұжымшардың бастығы, Бостандық кеңшарында есепші қызметтерін атқарған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Анасы Күлтан Серікбайқызы (1918-1998) ұжымшарда, кеңшарда әртүрлі жұмыс атқарған.
Жазушы жары Зейнегүл Ғалымқызы Нұртаева (2015 ж. қайтыс болды) екеуі 2 ұл, 2 қыз өсіріп, 13 немере, шөбере сүйіп отыр.
Мекен-жай: Тараз қаласы, Сәрсенбаев көшесі, 1 үй, 3 пәтер.
Тел. 8778 131 91 54
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
804
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
795
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
678
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
633
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
547
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
413
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
267
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
263
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899