Мүсілім Базарбаев
Мүсілім Базарбаев(1927–1995) - 15 маусымда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Кекірелі ауылында туған. Әдебиет зерттеуші ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері. Филология ғылымының докторы (1974), профессор (1982).
Қазақ мемлекеттік университетін (1948), КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген (1956).
1948–1951 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде істеді.
1952–1956 жж. Қазақстан КП ОКнде нұсқаушы, 1956–1970 жж. Қазақ КСР ҒАның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, директоры, 1970–1980 жж. Қазақ КСР Мәдениет министрі, Сыртқы істер министрі, 1981–1988 жж. М.О.Әуезов атындағы Әдебиет пен өнер институтының директоры, жетекші ғылыми қызметкері, 1988–1995 жж. бөлім меңгерушісі болған.
Ол қазақ әдебиетінің алты томдық тарихы (1960–1967), орыс тілінде жарық көрген үш томдық тарихы (1968–1979) авторларының бірі. Оның «Әдебиет және дәуір» (1966), «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» (1973) сияқты кітаптары қазақ тілінде, «Қазақ поэзиясындағы еңбек адамының бейнесі» (1961), «Өміршең дәстүрлер» (1962), «Біздің әдебиеттің эстетикалық байлығы» (1976) кітаптары орыс тілінде жарық көрді. «Көрікті ойдан – көркем сөз» (1994), «Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер» (1995), «Замана тудырған әдебиет» атты кітаптары басылып шықты. «Қазақ совет әдебиеті» (10сынып, 1954–1985), «Қазақ әдебиеті» (11сынып, 1989–1994) атты орта мектептерге арналған оқулық авторларының бірі. Орыс және шетел классиктерінің шығармаларын (Н.С.Тургенев, Аристовтың, т.б.) қазақ тіліне аударған.
Қайнар қөз: http://www.writers.kz
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
