Маман Байсеркеұлы
Маман Байсеркеұлы 1937 жылы 13 ақпанда Алматы (бұрынғы Талдықорған) облысының Алакөл (бұрынғы Андреев) ауданына қарасты Бостандық ауылында дүниеге келген.
1964 жылы Алматының Құрманғазы атындағы Өнер институтының режиссерлық бөлімін бітірген. 1965 жылдан 1970 жылға дейін Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрында бас режиссер болып істеген.
1970–1972 жж. Мәскеудің М.Горький атындағы көркем театрында 2 жылдық сынақтан өтті.
1972–1976 жж. Абай атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында, 1976–1981 жж. Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық Жастар және балалар театрында, 1981–1983 жылдары Республикалық корей театрында бас режиссер болып қызмет еткен.
1983 жылдан Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры. «Қойылым және қолтаңба», «Сахна және актер» атты ілімдік кітаптардың және «Абылай ханның ақырғы күндері», «Кек қылышы – Кенесары», «Кене хан» пьесаларының авторы. Ян Соловичтің пьесаларын қазақ тіліне аударған.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның Халық әртісі. «Құрмет» орденінің иегері (2006).
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
