Әбулақап Райымбеков
(1923-2012)
1923 жылы 15 желтоқсанда Жезқазған облысының Ұлытау ауданындағы «Ұлытау» кеңшарында туған. 1939–41 жж. Қарсақбай аудандық мемлекеттік банк бухгалтері, 1941 – 48 жж. Жезқазған аудандық «Қызыл кенші» газетінің әдеби қызметкері, жауапты хатшысы, редактордың орынбасары болады.
1940 жылы облыстық газетте «Есембектің әңгімесі» деген тұңғыш очеркін жариялаған. 1948 – 51 жж. республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің әдеби қызметкері, 1952 жылы Жезқазған кенішінде шахта жұмысшысы болып істейді.
1958 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітіреді. Ұлытау ауданының «Шеңбер» кеңшарында, Жезқазған кенішіндегі орыс орта мектебінде, кәсіптік училищеде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ береді. 1963 жылы ҚазМУ-дің аспирантурасына түсіп, 1966 жылы кандидаттық диссертация қорғайды.
Ташкенттің Низами атындағы пединституты қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде ұстаз, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің доценті болды.
Шығармалары: Жез қазғандар. Өлеңдер мен поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961; Тау ұлы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1963; Жездария. Өлеңдер, поэма. А., «Жазушы», 1969; Қазақ поэзиясындағы жұмысшы бейнесі. Монография. А., «Жазушы», 1971; Құрыш білек. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Жұмысшы мәртебесі. Монография. А., «Жазушы», 1980; Құштар көңіл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1983
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
