Сәуірбек Бақбергенов
Сәуірбек Бақбергенов (1920–1997) - 15 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында туған. Түркістан жетім балалар үйінде тәрбиеленген. Кейін сол Түркістан қаласындағы теміржолшылар мектебін, педагогика училищесін бітірген. Соғысқа дейін өлеңдер, әңгімелер жазған. Ұлы Отан соғысы басталғанша Мәскеу қаласындағы әскери училищеде қызмет етті. Соғыс кезінде Солтүстік батыс майданында Новгород, Псков, Калинин, Холм, Великие Луки түбінде ұрыстарға қатысқан. Атақты Панфиловшылар дивизиясында взвод командирі, байланысшы офицер болып істеген. Қаламгерлік жолын 1945 жылы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде әдеби қызметкерліктен бастайды. Оның тырнақалды туындылары 1950 жылы өз алдына кітап боп шыққан. Басты кейіпкерлері – Дина Нұрпейісова, Нұрмолда Алдабергенов, Кенен Әзірбаев, Шоқан Уәлиханов тәрізді еліміздің тарихи тұлғалары және Ұлы Отан соғысының қаһармандары: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рамазан Елебаев, Бақтияр Меңдіғазин, Темірбек Көкебаев. «Дина», «Қайран шешем», «Әке жүрегі», «Қарға тамған қар», «Талғат» романповестері орыс тілінде, сондайақ шығармалары белорус, грузин, армян, қырғыз, татар, эстон, башқұрт тілдерінде жарық көрді. Қазақстанның Халық жазушысы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2633
28.10.2026
2467
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
856
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
604
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2633
16.10.2026
2586
28.10.2026
2467
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
