Жарылқап Бейсенбайұлы
Жарылқап Бейсенбайұлы 1947 жылы 10 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданы, Молыке Шойманов ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1969). 1969–1990 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1990–1997 жылдары «Ана тілі» газетінің тұңғыш Бас редакторы, 1997 жылдың соңынан Қазақ ақпарат агенттігі (бұрынғы ҚазТАГ) директорының орынбасары, 2002 жылдан осы агенттік негізінде құрылған «ҚазАқпарат» Ұлттық компаниясы АҚ-ы Қазақ редакциясының бас редакторы, 2014–2017 жылдары "Мәдени мұра"–"Культурное наследие" жұрналының бас редакторы қызметтерін атқарды.
«Шоқан ізімен» (1977), «Буырқанған бояулар» (1981), «Әдеп әлемі» (1982), «Жасын-тағдыр жарқылы» (1987), «Қазақ шежіресі» (1994), «Арғы түрктер ақиқатының ізімен» (2006) атты деректі-танымдық, эссе, зерттеу кітаптарының, "Шоқан" тарихи-ғұмырнамалық роман-эссесінің (2009) авторы. Бұл роман-эссе 2015 жылы орысшаға "Чокан Валиханов" (историко-биографическое повествование) деген атаумен аударылып, оның таныстырылымы сол жылдың соңында Мәскеу қаласындағы Орыс Географиялық қоғамының штаб-пәтерінде өтті. Сонымен бірге 2015 жылы Астанадағы Түрк академиясының жобасы бойынша "Орталық Азиядағы арғытүрк сипатты мәдениеттер: этнотектік аспектілер" монографиясы жарық көрді. 2017 жылы Мемлекеттік бағдарлама бойынша "Ұлы Даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері" атты көрнекі безендірілген ғылыми-көпшілік зерттеу еңбегі оқырман назарына ұсынылды. 2022 жылы таңдамалы бес томдық шығармалар жинағы жарық көрді.
Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты (1982), Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1989), филология ғылымының кандидаты.
АВТОРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ МЫНА СІЛТЕМЕДЕ: https://kazneb.kz/
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
