Дәмеш Берсүгірова
Дәмеш Берсүгірова (1905–1984) - 16 наурызда Жетісу губерниясы, Лепсі уезінің Мұқаншы Садыр болысында (қазір Алматы облысы, Сарқанд ауданы, Бақалы ауылы) туған. Жеті жасында анасынан ескіше сауат ашып, арабша хат таныған.
1920 жылы Алматы қаласында қазаққырғыз жастарынан оқытушылар даярлайтын курста оқыған.
1921 жылдан бастап ауылдағы мәдениағарту жұмысына белсене қатынасады, комсомол ұйымының хатшысы, әйелдер бөлімінің жетекшісі сияқты қоғамдық қызметтер атқарады. Көп жылдар бойы мектептерде ұстаздық қызметте болған. Тұңғыш ақындық қадамын өзі жетекші болған көркемөнерпаздар үйірмесінде ұсақ тақпақтар, шағын пьесалар, «Тілші» газетіне мақалалар жазудан бастаған.
«Қоңыр жорға» (1929), «Меңдіқыз» және «Жауынгер ұлыма» (1942) атты көлемді туындылары бар.
Шығармалары: Қоңыр жорға. А., «Жазушы», 1961; Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1974; Ағады Ақсу. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1979.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1570
28.10.2026
1521
27.10.2026
865
28.10.2026
853
26.10.2026
771
27.10.2026
758
28.10.2026
424
24.10.2026
386
25.10.2026
385
28.10.2026
354
28.10.2026
295
23.10.2026
256
25.10.2026
243
23.10.2026
215
21.10.2026
4382
22.10.2026
4233
20.10.2026
3373
07.10.2026
3280
15.10.2026
3210
20.10.2026
2916
09.10.2026
2867
16.10.2026
2573
09.10.2026
2287
05.10.2026
2283
30.09.2026
2172
08.10.2026
2129
15.10.2026
2117
14.10.2026
1873
