Совет-Хан Ғаббасов
Совет‑Хан ҒАББАСОВ, Жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, профессор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ШҚО, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты, Халықаралық Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі – Академик.
ҒАББАСОВ СОВЕТ-ХАН / ҰЖДАН / - 12 ақпанда /февраль / 1939 жылы, Шығыс қазақстан облысының ЗАЙСАН ауданындағы СҰҢҚАР ауылында дүниеге келдi. Анасы - ӘСИЯ Құсайынқызы аса мейiрiмдi де мiнездi... ауыл-жұртына өте қадiрмендi адам едi. Сөз қадiрiн бiлетiн анасының әңгiмешiлдiгi, баласының жүрек тәрбиесiн дұрыс қалыптасуына ерекше ықпал еткендiгi байқалады. Сондықтан да, Совет -Хан қай-кезде де : - ” Адамшылық мектебiмнiң алғашқы ұстазы - Анашым едi ! - деп отырады.
Ол 1957 жылы Зайсан қаласындағы М.О. Әуезов атындағы қазақ орта мектебiн бiтiрiсiмен-ақ, партияның бүкiл халығтық үндеуiне үн қосып, бiрден ауылшаруашылығына жұмыс iстеуге келедi.. 1959 жылы Алматы Мемлекеттiк медицина институтының - емдеу факультетiне - студент болып қабылданды. Совет-Хан Ғаббасов 1964-1965 жылдары... осы институттың комсомол комитетiнiң Бiрiншi хатшысы болып қызымет iстедi. Оны институттың партия ұйымының ұсынуымен, 1965 жылы КПСС мүшелiгiне қабылдап, сол жылы ол ойдағыдай институтын да бiтiрiп шықты. Алғашғы жылы /1966/ поликлиникада дәрiгер-хирург болып iстеп, хирург ретiнде iзденгiштiгi мен iскерлiгiн көрсете бiлген оны, қалалық денсаулық сағтау ұйымы... арнайы жолдамамен, Алматыдағы ең атақты 1-шi клиниканың ординатор-хирургi етiп ауыстырды. Совет-Хан өзiнiң дәрiгерлiк тәжрибесiн ғылыммен ұштастырып, iзденушi ретiнде /соискатель/ 1971 жылы Кырғыз мемлекеттiк медицина институтында - кандидаттық диссертациясын - бiрауыздан қорғап шықты. Осыдан кейiн, ол ғылым жолына бiржола бет бұру мақсатымен ‑ Қазақтың клиникалық және эксперементтi ғылыми-зерттеу хирургия институтының ‑ ”Асқазан бөлiмiнде ” әуелi Кiшi... содан соң, Аға ғылыми қызыметкерiнiң мiндеттерiн атқарды. Осы жылдарда Совет-Хан Ғаббасов - ”Асқазан операциясының жаңа әдiсi” - атты ғылыми жаңалығын ашып, Москвадағы өнертапғыштар комитетiне жiберiп, бүкiл әлемде 1881 жылдан берi қолданылып отырған Бильроттың әдiсiндегi кемшiлiктердiң орнын толтыруға талпынады. 1977 жылы ”Бiлiм және Еңбек ” жұрналдың 12-шi санында жариялатады. Сонымен қоса, өнертапғыштар бөлiмi берген 176 және 316-шы санды ”Авторлық куәлiктерiн” алды.... 1978 жылы медицина ғылымдарының докторы атағын қорғады.
Совет-Хан Ғаббасов 1987 және 1989 жылдары... Москва қаласындағы, М.Горький атындағы әдебиет институтының жанындағы, СССР Жазушылар одағының мүшелерiне арналған екi жылдық Жоғарғы курсте оқып куәлiгiн алады.Содан келiсiмен-ақ, Қазақстан Жазушылар одағының жанындағы ”Мектеп кеңесiн” басқара жүрiп, Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылыми-зерттеу иститутының кеңесшiсi, республикадағы ”Қазақстан” және ”Достық” қоғамдарының президум мүшесi ретiнде жұмыстар атқарады.
Совет-Хан 1974 жылы СССР Жазушылар одағының мүшелiгiне бiрауыздан қабылданады. Ол - 1973 жылдан 1978 жылға дейiн... Қазақ ССР Жоғарғы Сотының заседателi болып сайланды. Оған 1963 жылы Алматы Мемлекеттiк медицина институтының ”Тыңдағы студенттiк штабты” бастығы ретiнде атқарған үздiк еңбегi үшiн, ” Тың және тыңайған жерлердi игеру ” медәлi берiледi де, 1987 жылы ”СССР денсаулығ сақтау ісінің үздiгi”белгiсiмен марапатталып, 1988 жылы өзi туып-өскен Зайсан ауданыны¦ ”құрметтi азаматы ” атағына ие болады.
Совет-Хан әркездерде әртүрлi медициналық тақырыптарға қалам тербеп, қазақ тiлiнде ғылыми-көпшiлiкке арнап:”Қан жүрiсi - жүрек тынысы” /1968/., ”Дәрiгер келгенге дейiнгi көмек” /1973/.,”Қатерлi iсiктiң алдын алуға бола ма ?” /1980/., атты кiтаптарын шығарды. Хирургия саласында 20-жылдан астам қызымет еткен мерзiмiнде – төрт мыңнан /4 000 / аса үлкендi-кiшiлi операциялар жасап, елу бес /55/ медициналық ғылыми мақала жазып, жетi авторлық куәлiк алды. Республикамызда тұңғыш шыққан Қазақ Совет энциклопедиясының төртiншi /4.т./ томынан - он екiншiсiмен /12.т./ қоса тұрақты авторы болып қыруар еңбек сiңiрдi.
Оның алғашғы ”Анашым” атты әңгiмесi ”Қазақстан әйелдерi” жұрналында басылып, ал 1967 жылы ”Ұстазым” деген әңгiмесi ”Жұлдыз” жұрналында жарияланады. Совет-Хан Ғаббасовтың әр жылдарда жарық көрген кiтаптары ;”Қыран қия” ә¦гiмелер, 1971., ”Ана жүрегi” повестер., 1974.,”Өскен ұя” әңгiмелер., 1976., ”Серпер” роман.,1979., ”Порыв” повестер., 1982., ”Сов.писатель”,Москва. ”Нәзiк сезiм” повестер,роман., 1985 ”Қырғызстан”, Фрунзе. ”Кәусар” ғылыми фантастикалық Роман.,1985.,”Мейiрiм” повестер, әңгiмелер., 1989.,.”Қандауыр” роман.,2006., ”Iзгiлiк әлiппесi” халық пед.оқулық, 1991.,”Халық пед.негiзi ” монография,1995.,”Көңiл қµсы” роман.,2004., Педагогика мен Психология негіздері,2008., (кітап түгелдей патенттелді № 1408), Ұрпақ тәрбиесінің жаңа ілімі., 2012ж, Педагогика мен Психология негіздері 2012ж. (оқулық етіп минстрлік 2015ж. хабылдады), Таңдамалы шығармалар жыйнағы 3-том, 2015ж,
Совет-Хан Ғаббасовтың орыс тiлiнде шыққан кiтаптарының аудармашылары;
”Порыв”,1982,М. - Ю.М.Грачевский, ”Нәзiк сезiм” ,1985, қырғыз тiлi - Т.Суванбердиев. Ал Совет-Хан Ғаббасовтың өзi аударған шығармалары;”Қараңғы үйдегi ғажайып”, Ф.Бебей /камерун/,1973., ”Базар нарқы ”,Б.Дадье, /пiл сүйегi жағалауы/,1973., жазушы баспасы - Африка жазушыларының әңгiмелерi - атты жинақта шықты. Сонымен қоса, ”Қандауыр” және ”Айтылмаған сыр” атты пьесалары Мәдениет министрлiгiнде қабылданды ”Нәзiк сезiм” повестi - 1973 жылы Қазағстан комсомолы мен Мемлекеттiк баспа комитетi және ”Жазушы” мен ”Жалын” баспаларының бiрiгiп жариялайтын жабық конкурсiнiң жүлдегерi болды.
Ол Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық институттың ғылыми кеңесшiсi және Алматы облыстық мұғалiмдер бiлiмiн көтеретiн институтта өз концепциясы қақында лекциялар оқи бастайды. Бүкiл республикада тұңғыш рет ұйымдатырылған Халық педагогикасы атты ғылыми конференцияна қатынасып, оған ұтымды пiкiрлер айтумен қоса, алғаш рет Халық педагогикасы және Этнопедагогиканың өзара бiртұтастығымен бiрге олардың өздерiне тән айырмашылықтарын да, айқындайтын теорияның қажеттiгiне ерекше мән бередi. Өзi ұсынған концепцияның негiзiнде жазып жүрген «Iзгiлiк әлiппесi» атты халық педагогикасының оқулығын /25 б.т./ екi кiтап етiп бастырып шығарады. Осы”Ізгілік әліппесінің” 1-шi және 2-шi кiтаптары үшiн 1996 жылы Атырау облыстық әкiмшiлiгi белгiлеген - МАХАМБЕТ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ - атағын алған алғашқы иегерлердiң бiрi болды. Мiне осы кезде Совет-Хан өзi арман еткен ”Асқазан операциясының жаңа әдiсi” және ”Халық педагогикасының негiздерiн” ғылыми дәлелдеп өмiрге әкелуге бел буады..Осы тұста Атырауда ашылған ”Ұлттық академияның Батыс бөлiмшесi”, ”Халық педагогикасының” мәселесімен, Совет-Хан Ғаббасовты академияға Бас ғылыми қызыметкерге шақырады. ғылыми жµмысты өндiрiстiк психолгияның қажеттiгiне орай,”Теңiзмұнайгаз”АҚ-мен шаруашылық шарт жасасып, тақырыпты қаржыландыру жағынада көңiл бөлiнедi. Осының арқасында 1995 жылы Совет-Хан Ғаббасовтың ”Халық педагогикасының негiздерi” атты монографиясы /29,0 б.т./ ”әл-Фараби” баспасынан жарық көредi.
Совет‑Хан Ғаббасов 2000‑жылы «Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының» шақыруымен – Алматыға жұмысқа келді. «Мектепке дейінгі тәрбие» ғылыми‑зерттеу институтының директоры болып тағайындалды. Осы кезде Қазақтың Ұлттық аграрлық университеті қосымша жұмысқа шақырып, онда «Рухани тәрбие» ғылыми орталығын ашты. Бұл жылдары – Диреторлық пен Жетекшылыкті – бірге атқаруға тура келді. Совет‑Хан Ғаббасов 2003 жылы 29-қаңтарда «Педагогика ғылымдарының докторы» дәрежесін алуға диссертация қорғады. Бірауыздан бекітіліп «докторлық дипломын» алды. 2004 -2006 жылдары Қыздар институты арнайы шақырып және 2007-2009 жылдары Д.Қонаев және С.Демерел атындығы университтеттердің профессоры болып өзінің жаңа ілімінен сабақ берді. Ал 2010 жылдан қазірге дейін... Абай атындағы ҚазҰПУ де ашылған Ұлттық тәрбие кафедрасында профессорлық қызымет атқаруда.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...