Жүніс Сақұрпағы (Сахиев)
Жүніс Сақұрпағы (Сахиев) – Жазушы-болашақгер, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби, Халықаралық Байқоңыр сыйлықтарының лауреаты, бұрынғы КСРО Ғылым академиясы құрамындағы Бүкілодақтық Астрономия-геодезия қоғамының толық мүшесі.
Қазақ орта мектебін бітірген 1966 жылдан 1972 жылға дейін аудан орталығында телеграфшы, Қазақстан Республикасы Гедрометерология қызметі Шаян стансасында ауа райын бақылаушы, әскер қатарында қысқа толқында жұмыс жасайтын радиостанцалардың радисі болды. 1977 жылы Әбу Нәсір әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық унивесритетінің филология факультетін бітірген. 1977-1980 жылдары мерзімді баспасөзде аудармашы, 1980-1986 жылдары «Мектеп» баспасының Тарих және геграфия, Қазық тілі мен әдебиеті редакцияларында редактор, 1986-1988 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік Комитетте аға редактор, 1988-1999 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясының Техника және Астрономия ғылыми редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2002 жылдан Астанадағы «Фолиант» баспасының бас редакторы.
1971 жылы Қазақстанда алғаш жалпы айдармен авторлық «Кеңістік көшпенділері» сериялы ғылыми-болашақтық романдар жазуды бастап, жалғастырып келеді. Бүгінгі күнге дейін жазып бітірген тоғыз ондықтан асатын ғылыми-болашақтық романдарының он екісі: «Тіршілік ұясы» (1983), «Борыш» (1987 – Ақжан Машанидің алғы сөзімен), «Шеңбердің түйісуі» (1991 – 1994 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Жандос атындағы әдеби сыйлығы берілген), «Көктен келген көшпенділер» (1999), «Марстан шыққан жаңғырық» (2002), «Қимайтын әлем» (2003), «Шолпанға көкен ауыл» (2004), «Космотарих куәсі» (2006), «Су әлемінің саздары» (2008), «Жасампаздық қиырында» (2009), «Күзетші» (2013) ғылыми-болашақтық романдары жарық көрді. «Қимайтын әлем» ғылыми-болашақтық романының журналдық нұсқасы чех, ағылшын тілдерінде Прагадан шығатын «Nemesis» ғылыми-көпшілік журналында жарияланды. 2018 жылы авторлық сериячсының «Айдағы жасырынбақ», «Дабыл» ғылыми-болашақтық романдарының журналдық нұсқалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұсынысымен «Жазушы», «Мектеп», «Атамұра», «Арман-пв» баспаларынан жарық көрген қазақ орта мектептерінің 8-ші сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығы мен хрестоматиясына енді.
2014 жылы Жүніс Сақұрпағынің қазақ тілінде тұңғыш рет жазған «Астрономия» энциклопедиясы Астанадағы «Фолиант» баспасынан «Үлкен энциклопедия» сериясын бастап шықты. Оның тұсаукесеріне қатысқан қазықтың тұңғыш ғарышкері Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы жақсы пікірін айтты. Орыс ғалымдары М.М.Дагаев пен В.М.Чаругиннің 9-11 сыныптарына арналған «Астрофизика» (1994; 2-бас. 1996; 3-бас. 1999, 4-бас. 2002), Е.П.Левитанның «Астрономия» (1998) оқулықтарын, гректің ұлы философы Платонның Атлантида жөнінде жазған «Тимэй» және «Критий» жазбаларының орыс тіліндегі нұсқасын қазақ тіліне аударған.
Шығармашылық өмірбаяны «Элита Казахстана» (1997), «Қазақ әдебиеті» (1999, 1985, 2005), он томдық «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» томдарының қазақ тіліндегі 7-ші, орыс тіліндегі 4-ші томдарына, 18 томдық «Беларуская энцыклапедыясы» 14-ші томына және басқа да ірі басылымдарға енген.
2001 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында қазақ ғылыми жанрында тұңғыш рет және 2011 жылы Сахиев Жүніс Сақұрпағының өмірі мен шығармашылығына арналған Қазақстан ғылыми жанрына арналған көрме жұмыс жасады.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…