Табылды Досымов
Табылды Досымов 1965 жылы 15 шілдеде Индербор кентінде дүниеге келген. 1972-1982 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепті бітірген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне тамамдаған. 1983-1985 жылдар арасында Германия жерінде әскери борышын өтеп, оқуын қайта жалғастырған сәтте, 1986 жылғы қаһарлы Желтоқсан көтерілісіне қатынасушы ретінде оқудан шығарылған. Сол кезеңде туған жерге оралып, аудандық мәдениет үйінде әдіскер, №5 жылжымалы клуб меңгерушісі болып жұмыс жасаған. 1988-1990 жылдары қайтадан университеттегі оқуын жалғастырып, журналист мамандығын алып шығады. 1990 жылғы 8 тамыздан Гурьев облыстық теле-радио комитетінде редактор, 1992 жылы Атырау облыстық филармониясында «Желтоқсан жебесі» атты жас дарындар тобының жетекшісі, әншісі, 1990-1993 жылдары Индер аудандық тіл басқармасының бас маманы, 1996-1999 жылдары Атырау облыстық мәдениет басқармасының Индер ауданы Махамбет атындағы қордың директоры қызметін, 2000 жылдан өмірінің соңына дейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы болып жұмыс жасады. Талантты бард-әнші 2010 жылы 18 қазан күні 46 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
