Саттар Ерубаев

Өмірбаяны
Кітаптар
Аудио
Кейіпкерлер
Фото
Видео
Аудио файлдар
Автор туралы
Жанкүйерлер
Жанкүйер бол
Ерубаев Саттар (1914–1937) - Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған. Алдымен ауыл молдасынан ескіше сауат ашқан. Түркістан жетіжылдық мектебін бітіріп, сонда аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын арнайы курсты, Ленинградтың тарихфилософиялингвистика институтын бітірген.
1933 жылы «Орыс неоромантизмі және қазақтың ұлттық әдебиеті» деген тақырыпта диплом қорғап, аспирантурада қалдырылды. Бірақ Қазақстан өлкелік комсомол комитетінің арнайы шақыртқан телеграммасымен елге оралды. Алдымен «Ленинская смена», кейіннен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде әдебиет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. Мұнымен қатар Алматыдағы жоғары ауыл шаруашылығы мектебінің философия кафедрасында ассистент болып, лекция оқыды. Біраз уақыт «Лениншіл жас», «Қарағанды пролетариаты» газеттерінде жауапты редактордың орынбасары болған. Өзінің болашақ романы – «Менің құрдастарымның» материалын осы кезеңде сол жердегі өмірден жинақтаған. Қазақстан кеңес жазушылары одағының І съезіне делегат боп қатысып, одақтың мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі.
1935 жылы Алматыға оралып, Ленинград университетінің аспирантурасына түсуге дайындалды. Бірақ меңдеп кеткен ауруы оның оқуына еркіндік бермеді. Сөйтіп, қайтадан Алматыға келіп, ҚазПИдің қазақ әдебиеті кафедрасына доцент боп орналасып, әдебиет тарихы мен теориясынан дәріс оқыды. Осы кезде «Менің құрдастарымды» жазып жүрді. Толық аяқтап үлгермегенмен, «Менің құрдастарым» романымен, көркем әңгіме, новеллаларымен прозашы ретінде, суреттемеочерк, мақалалары арқылы – публицист, өлеңжыр, балладалары, эпиграмма, пародиялары арқылы ақын ретінде ол туған әдебиеті тарихынан өз орнын алған.
1966 жылы «Менің құрдастарым» романы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. Түркістан қаласында С.Ерубаев мұражайы жұмыс істейді.
Шығармалары: Менің құрдастарым. Роман. Новеллалар. Балладалар мен өлеңжырлар. Публицистика. Сатиралық суреттемелер мен пародиялар. Сын мақалалар. Естеліктер, түсіндірмелер. А., «Жалын», 1979.

Көп оқылғандар
Бүгін – Дүниежүзілік жазушылар күні
03.03.2021
3891
Абсурдқа оранған ойлар
01.03.2021
729
Қу қаңбақтан ауыр болсақ бір мысқал
02.03.2021
575
Иманғазының «От пен Суы»
06.03.2021
541
Әлихан. Ақтоғай. Алашшыл ұрпақ
06.03.2021
540
Алғыс айту - адамдықтың нышаны
01.03.2021
434
Дәстүрлі «Ауылым – Алтын тұғырым» конкурсы басталды
01.03.2021
428
Алаш жолындағы ақиық
02.03.2021
316
Мұрат Әуес. Айналып барады өмір ертегіге...
06.03.2021
304
Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханов
05.03.2021
248
Бүгін – Дүниежүзілік жазушылар күні
03.03.2021
3891
Халық – менің шын атым
18.02.2021
1598
Жолдыбай Базар. Ақ таяқ
14.02.2021
1570
Қазақ күйлерінің антологиясы үш тілде жарық көрді
26.02.2021
1453
Ақын Светқали Нұржанның ағылшын тіліндегі өлеңі
21.02.2021
1267
Мәңгілік Мұқағали
09.02.2021
1158
Шығыстың жарық жұлдызы
09.02.2021
934
Ұшқысы келетін тауықтар
17.02.2021
868
Ұлттық музейдегі «Таң-Шолпан»
08.02.2021
850
Бану Дәулетбаева. Төлеухан, кітап және инстаграм
12.02.2021
785
Сұлулық галереясы
22.02.2021
775
«Tynda» мобильді қосымшасы іске қосылды
22.02.2021
774
Ахмет Қамшыбек. Миссияң айқын ба, замандас?
08.02.2021
758
Көп талқыланғандар
Солженицынның Мойынқұмдағы күндері
Ұшқысы келетін тауықтар
Тілек Ырысбек. Мені поэзияға әкелген балалық шағымдағы комплекстерім