Баят Жанатұлы
Жанатұлы Баят (1935-2014)
1935 жылы 1 қыркүйекте Монғолияның Баян-Өлгий аймағы Қызыл қайың ауданы, Үш Ойғыр аулында туған.
Орта мектепті аяқтаған соң Абай атындағы ҚазПИ-ге түсіп 1961 жылы бітірген. Баян-Өлгий аймағы Жастар одағының бірінші хатшысы, М.Зайсанов атындағы Қызылқайың орта мектебінің директоры, Қызыл қайың аудандық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарған.
1960 жылдан бастап әдебиетпен шұғылданған. Драма жанрында өнімді еңбек еткен. 1976 жылы «Кестелі орамал», 1980 жылы «Меруерт», 1984 жылы «Қиян асулар» атты әңгімелер жинақтары шыққан. «Мен де кінәлімін», «Солдат сыры», «Айырылмас құшақ», «Айдарға тағылған айдар», «Біздің үйленуіміз», «Бажалар бас тырнаспайды» т.б. драмалық шығармалары Баян-Өлгий аймақтық театрда сахналанған.
1992 жылы тарихи Отаны Қазақстанға көшіп келіп, Көкшетау облысы Уәлиханов ауданы, Советское кеңшарындағы орта мектепте мұғалім, 1993 жылдан 1997 жылға дейін Көкшетау облыстық «Көкшетау» газетінде тілші болған.
Монғолияның «Алтын жұлдыз» орденімен, «Еңбек даңқы» және «Жастардың алтын медалімен сыйланған.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
