Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Авторлар
Қ
Қадыр Жүсіп

Қадыр Жүсіп

Қадыр Жүсіп
Рейтинг:
Өмірбаяны

Жүсіп Қадыр 1937 жылы 10 қаңтарда Атырау облысы, Гурьев қаласында туған. 

1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогика институтын бітіргеннен кейін, қаладағы Абай атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған.

№11 Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының орынбасары, Облыстық халық творчествосы үйінің директоры, №7 М.Әуезов атындағы, №19 Қ.Сәтбаев атындағы мектептерде мектеп директоры болып қызмет еткен. 

1982 жылы Гурьев педагогика институтында қазақ әдебиеті пәнінен дәріс берген. Атырау университетінің Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі болған. 

2001 жылы Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының корреспондент – мүшелігіне сайланған.

«Өлке» баспасынан «Естелік» (1993), «Ғылым» баспасынан «Асау Атырау» (1997) өлең жинақтары жарық көрген. «Әдебиет сабағында оқушылардың творчестволық ізденістерін қалыптастыру» (Әдістемелік құрал, 1993), «Орта мектепте лириканы талдау» (Әдістемелік құрал, 1994), «Жұмекен Нәжімеденовтың ақындығы» (Монография, 1995), «Жыр жиһазы» (Монография, 1995), академикжазушы З.Қабдоловтың шығармашылығына арналған монография – «Жазушы. Ғалым. Ұстаз» (1997), жазушы Ә.Кекілбаевтың творчествосына арналған монография – «Шың мен шыңырау» (2000), «Таңғажайып Бейбарыс» (2000), «Алмас жыр» (2003), «Әдеби толғамдар» (2004), «Махамбеттану мәселелері» (2005), «Қазақтың Қабдоловы» (2005), «Жұмекен жұмбағы» (2006) сияқты кітаптар мен монографиялардың авторы.

1988 жылы «Жұмекен Нәжімеденовтың лирикасы» деген тақырыпта кандидаттық, 1996 жылы «Ж.Нәжімеденовтың ақындығы» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. Облыс Әкімшілігінің «Құрмет грамотасымен», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Педагогикалық қызметтегі табыстары үшін» (Ы.Алтынсарин) медальдарымен, «Қазақстан ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.

Көп оқылғандар