Қажығұмар Шабданұлы
Қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлы - 1925 жылы Таңсық елді мекені, Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
1930-шы жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалап, ата-анасымен Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Дөрбілжін ауданына ауып барған. Жергілікті халықтардың мәдени-ағарту көтерілісі кезеңінде Дөрбілжіндегі «Қазақ-қырғыз ұйымын» басқарған. Алғаш рет 1958 жылы «оңшыл», «солшыл» деген саяси айыптаулармен сотталып, 22 жылға бас бостандығынан айрылған Қажығұмар жазасын Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде толық өткеріп, 1980 жылы бостандыққа шығады.
1986 жылы желтоқсанында ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады деген айыптаулармен, шетел жансызы деген желеумен 13 жылға екінші мәрте түрме жазасына кесіледі. Бұл жаза мерзімін ол Үрімші қаласының №1 түрмесінде өткізеді.
Қытай өкіметі тарабынан саяси себептерге байланысты қудаланғаны үшін Қажығұмар Шабданұлы қамауда отырған кезде адам құқығын қорғау жөніндегі «Халықаралық рақымшылық» (Амнести интернешнл) ұйымы оны «ар-ождан тұтқыны» деп танып, Қытайдың құзыретті ресми орындарынан ол кісіге байланысты әділ тергеу мен ашық сот жүргізуін жүйелі түрде талап еткен.
Шығармалары:
· «Қылмыс» романы (2009), жалпы алты томдық кесек шығарма, жазушы барлығын қытай түрмесінде бітірген. Бұл шығармасында жазушы бас кейіпкер Біғәділ арқылы өзінің бастан кешкендерін баяндап шығады. 1930-жылдарғы қазаққа төнген аштық апаты, солақай саясаттың елге төндірген зардабы, Шынжаңға ашаршылықтан, қуғын-сүргіннен қашып келген қазақтардың тіпті де мүшкіл халге түскені, дүңгендер көтерілісі, Қытайдың өктемдігі баяндалады. Жазушының бұл кесек шығармасы қазақ әдебиетіне қосқан үлкен үлесі.
Қажығұмар Шабданұлы 2011 жылы 15-ақпанда Қытайдың Шәуешек қаласында дүниеден озды.
Көп оқылғандар
28.10.2026
1791
26.10.2026
1577
28.10.2026
1442
27.10.2026
921
27.10.2026
789
26.10.2026
787
28.10.2026
458
28.10.2026
418
24.10.2026
391
25.10.2026
388
28.10.2026
362
28.10.2026
262
23.10.2026
256
25.10.2026
245
21.10.2026
4385
22.10.2026
4235
20.10.2026
3376
07.10.2026
3284
15.10.2026
3212
20.10.2026
2925
09.10.2026
2874
16.10.2026
2574
09.10.2026
2290
05.10.2026
2290
30.09.2026
2174
08.10.2026
2132
15.10.2026
2121
14.10.2026
1877
