Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Айгүл Ісімақова
Айгүл Ісімақова (24.3.1958 ж.т., Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу а.) – филология ғылымының докторы (1998). Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын (1980, қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті) бітірген соң Қазақстан ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында лаборант (1980), Мәскеу қаласындағындағы Дүние жүзі әдебиеті институтында ізденуші-стажер (1981), аспирант (1982–85) болды. Әдебиет және өнер институтындағылыми қызметкер (1985–94), аға ғылыми қызметкер (1994–2000), 2001 жылдан бөлім меңгерушісі. «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ көркем прозасының поэтикасы (тақырып, жанр, стиль)» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. Әдебиеттанудағы ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты – қазақ әдебиетіндегі жанр, стиль өзгешеліктері мен ерекшеліктері мәселесі (мысалы: «Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль», 1998; «Алаш әдебиеттануы», 2009, т.б.). Филологияғылымының докторы (1999). «Қазақ көркем прозасы>> (А., 1998), «Әдебиетте тоқырау болды ма?» («Жалын», 1990, № 2), «Абай санасындағы керкем проза» («Казак- стан Республикасы ғылым академиясының хабаршысы. Филология сериясы», 1995, № 4), «Қазіргі ой-пікір және Абайдың мәңгілік мурасы» («Халықаралық симпозиум», 1996, ҚазМУ баспасы) т. б. зерттеу еңбектері жарық керді. Көптеген ғылыми еңбектері Әуезовтің туындыларына арналған. Бұл салада «М.О.Әуезовтің 20-жылдардағы көркем әңгімелерінің стилі» («Мұхтар мұрасы», А., 1997, 80-89-беттер) атты мақаласында қорғансыздардың тағдырын суреттеу арқылы қоғамдык турмыстың мешеулігін, кертартпа адамгершілік көрінісін, биік рухани биіктікті айкын дәлелдеді деген. Ал «Қос бұлақтан нәр алған» атты макаласында ұлы жазушының тәлім-тәрбие апған ортасы туралы ой толғаған («Заман-Қазақстан», 1997, 26 қыркүйек). «Возвращение Плеяды. Алаш әдебиетінің экзистенциалдық мәселесі» атты ғылыми монографиясында (2002) Әуезовтің шығармаларын Алаш жазушылары туындыларының контексінде зерттеді. Әуезовтің жылы Аймауытовты ұстаз санағанын, «Ақбілек» романын кесілген қолжазба түрінде өз үйінде сақтағанын арнайы саралады. Ол мәтін күні бүгін Әуезов мұражайында сақтаұлы. «М.Әуезовтың әдебиеттанушылық көзқарасы» атты мақалада А.Байтүрсынұлының «Әдебиет таныткыш» кітабымен сарындас ғылыми тужырымдары баяндалады.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
804
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
795
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
678
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
633
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
547
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
413
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
267
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
263
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899