Құлмат Өмірәлиев
Құлмат Өмірәлиев (10.11.1930, Қазығұрт ауданы – 25.5.1985, Алматы)– тіл білімі маманы, филология ғылымдарының кандидаты (1970).
Шымкенттегі мұғалімдер институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген соң (1951) орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен мұғалім, оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеді.
- 1953 – 57 жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педогогикалық институтының филология факультетінде;
- 1957 – 60 жылдары осы институттың қазақ тілі кафедрасының аспирантурасында оқыды;
- 1960 – 62 жылдары «Қазақстан мектебі» журналының редакциясында бөлім меңгерушісі;
- 1972 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін Қазақстан Ғылыми академиясының ауылы Ахмет БАйтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының түріктану және тіл тарихы бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып істеді;
- Алматы қаласында Кеңесбаевтың жетекшілігімен «XV – XІX ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі» деген тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғады. Өмірәлиев қазақ тілінің грамматикасы, тіл тарихы, емле, қазақ поэзиясының тілі, көне дәуір ескерткіштері, текстология, этимология, қазақ тілі мен әдебиеті мәселелеріне қоса қоғамтану мәселелеріне де батыл қалам тартқан ғалым. Ол Абайға дейінгі қазақ поэзиясының алыбы Дулат Бабатайұлының бүгінгі таным төріне шығарған зерттеуші. Осы еңбегі ескеріліп Аягөз қаласының бір көшесіне ‘’’Құлмат Өмірәлиев’’’ есімін беру ұйғарылған.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1564
28.10.2026
1471
27.10.2026
855
26.10.2026
765
28.10.2026
748
27.10.2026
742
28.10.2026
412
25.10.2026
385
24.10.2026
385
28.10.2026
332
23.10.2026
256
28.10.2026
252
25.10.2026
239
23.10.2026
212
21.10.2026
4380
22.10.2026
4233
20.10.2026
3371
07.10.2026
3279
15.10.2026
3208
20.10.2026
2916
09.10.2026
2865
16.10.2026
2572
09.10.2026
2283
05.10.2026
2282
30.09.2026
2170
08.10.2026
2129
15.10.2026
2115
14.10.2026
1872
