Болат Мырзатай
1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология (қазақ тілі мен әдебиеті) бөлімін тәмамдаған.
1971-1985 жылдары Жетібайдағы №8 орта мектепте мұғалімдік қызмет атқарған. 1977 жылы өз пәні бойынша облыстық педагогикалық оқулардың бас жүлдегері болған. 1982 жылы мұғалімдік іс-тәжірибесі теледидар арқылы республика ауқымына таратылған. Ол шығармашылыққа баулыған дарынды жастар әдеби-журналистік салада жемісті еңбек етіп жүр. Ол - әріптестерінің еңбегін насихаттауға да елеулі үлес қосып, баспасөз арқылы он бес мұғалімнің іс-тәжірибесін таратқан. 1984 жылы ұстаздың педагогикалық еңбегі КСРО Оқу министрлігінің Құрмет грамотасымен аталып өткен.
М.Болат 1986-1991 жылдарда Қарағия аудандық «Түлеген түбек» газетінде редактордың орынбасары, 1999 жылы облыстық «Хабар» газетінде редактор, 2000-2003 жылдары республикалық «Үш қиян» газетінде Бас редактор болды. Осы жылдар ішінде жұртшылық оны өткір тілді журналист, білікті редактор ретінде таныған. 1994- 2003 жылдарда Қарағия аудандық мәслихатының қатарынан екі шақырылымына депутат болып сайланып, белсенді қоғамдық қызмет атқарған.
М.Болаттың өлеңдері әр жылдарда республикалық газет-журналдарда жарық көріп, ақындардың «Қарлығаш» (1981 ж.), «Жыр-моншақ» (2003 ж.) жинақтарына, сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған «Маңғыстау әдебиеті» (2008 ж) атты хрестоматияға енген. Ақынның поэзиясын Өтежан Нұрғалиев, Қадыр Мырзалиев секілді қазақтың көрнекті ақындары жоғары бағалаған.М.Болаттың Алматыдағы «Бабамұра –М» баспасынан «Бір арман» (2009), «Оқшау сөз» (2010), «Бостан сөз» (2012)атты өлеңдер, әдеби сындар, публицистикалар кітаптары жарық көрген. Оның тағы бір қыры – сазгерлік. Музыка мамандары мойындаған «Маңғыстау» атты әні, «Ыңғайтөкпе», «Қара жорға», «Домалатпай» деген күйлері бар. Сазгердің «Қара жорға» күйі – А.Жаңбыршы құрастыруымен 2008 жылы шыққан Маңғыстау күйлерінің «Нарату» жинағына енген.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды