Рахат Қосбармақ
Рахат Құсайынұлы Қосбармақ 1972 жылы 19 маусымда Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы «Қызыләскер» (бұрынғы «Тұрман») деген жерде, Сам құмында дүниеге келген. 8 жасынан бастап жыр жаза бастаған ол 1988 жылы Алматы қаласында республика бойынша тұңғыш рет өткізілген қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қатысып, бас жүлдені иемденді. 1989-1994 жылдары Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған Рахат Қосбармақ оқи жүріп, студенттердің республикалық «Өркен», тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым «Жас қазақ» газетінде тілші, қазақ-түрік бірлескен «Таң-plus» телекомпаниясында редактор болып еңбек етті.
1994-2002 жылдары Маңғыстау облыстық телерадиокомпаниясында редактор, аға редактор, бас редактор, төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. Облыстық телеарнаның эфирі арқылы 400-ден астам телехабар дайындап, 8 жылдан астам уақыт бойы жемісті еңбек етті. 2003 жылы жеке меншік «АР» телестудиясын құрды. 2004-2005 жылдары Маңғыстау облыстық кедендік бақылау департаментінің жұмысты ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы, баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарды. 2006-2009 жылдар аралығында республикалық тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым – «Ар.kz» газетінің бас редакторы болды. 2009-2011 жылдары «Catkaz» ЖШС Бас директорының кеңесшісі қызметін атқарды.
1993 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының сыйлығына, 1997 жылы Маңғыстау облысы әкімінің «Құрмет грамотасына», 2000 жылы облыс әкімінің «Алғыс хатына», 2006 жылы Жұмекен Нәжімеденов атындағы республикалық жыр мүшәйрасында «Қазақ әдебиетін қолдау қорының» арнайы жүлдесіне ие болды. 2002 жылы «Қазақстанның Тәуелсіздігіне – 10 жыл!» мерейтойлық медалімен наградталды. 2008 жылы есімі «Маңғыстау» энциклопедиясына енгізілді.
Рахат Қосбармақ – республикалық дәрежедегі бірнеше айтыстар мен мүшәйралардың жеңімпазы. 1992 жылғы республикалық «Студент көктемі» фестивалінің лауреаты. V және VІ халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі.
«Кемпірқосақ» (1996 жыл, «Рауан»), «Бекет Ата» (2000 жыл, «Информ-Арна»), «Сұрасаң руымды – Дәулеталы» (2010 жыл, «Информ-А») атты кітаптардың, «Жаздың ең соңғы күні» (1999 жыл, «Зерде»), «Атажұрт» (2011 жыл, «Информ-А») жыр жинақтарының авторы.
Көп оқылғандар
«Антұрған аты құрсын Абай деген...»
Тігінші (Новелла)
Парижден кейінгі соқпақ...
«Бір ел – бір кітап»
Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ. Жаңа жыл кешінде (әңгіме)
Гүлнар Ізтаева. Тағдыр өзгере ме?
Қош, қазақтың арда ұлы
Абайтанушы ғалым дүниеден озды...
Дидар Амантай. Кестелі сөздер...
Жарық пен сызық
ШЫРҒАЛАҢ КЕЗЕҢ ШЫНДЫҒЫ
Ақерке Асан. Өзіңді жұбатқым келеді...
«Не үшін мені өлтірдің, кешіре алмай жатырмын...»
Арман Әділбек. Қожа кім немесе қазақ протесті
Өнерге көшкен өмір
Тоқтарәлі Таңжарық. Түс көрген жандар
Ардақ Үсейінова. Жалғыз-жарым
«Бір ел – бір кітап»
Әлия Бөпежанова: Жаңа идеялар мен өзгерістер заманы
Айгүл Кемелбаева. Тірісінде айтылмаған сөз... (Эссе )
«Алтын қалам-2024» әдеби байқауының жеңімпаздары анықталды
Мақпал Мыса. Париж жырлары
Ертай Бимұханов. Дауыс
Маржан Ершу. Фаризаның қайрағына қайралдым
Ролан Барт. Шығармадан – мәтінге дейін...
«Фариза Оңғарсынова. Таңдамалы» жинағының тұсау кесері өтті
Жаңа жылға жақсы тілек