Әріпов Дүйсенбі
Дүйсенбі Әріпұлы (1933-2017)
1933 жылдың 1 қаңтарында Маңғыстау облысының Тұщықұдық ауылдық кеңесiнде дүниеге келді. 1956 жылы КазГУ-дың физика-математика факультетiнiң физика бөлiмiн, 1964-1966 жылдарда Алматы Жоғары партия мектебiн бiтiрдi. Сырттай оқып Алматы Зооветеринариялық институтын бiтiрiп, ғалым-зоотехник мамандығын алды. Маңғыстау аудандық “Еңбек туы” газетi партия тұрмысы бөлiмiнiң меңгерушiсi, аупарткомның ұйымдастыру бөлiмiнiң нұсқаушысы, бөлiм меңгерушiсi, аудандық халықтық бақылау комитетiнiң төрағасы, аупарткомның хатшысы қызметтерiн атқарды.
1973 жылы Маңғыстау облысы, оның құрамында Бейнеу ауданы құрылған кезде Бейнеу ауатком төрағасы, 1975 жылдан облыстық партия комитетiнiң ұйымдық – партиялық жұмыс бөлiмiнiң меңгерушiсi, 1978 жылдан 1990 жылдың қыркүйегiне дейiн Бейнеу аупарткомының бiрiншi хатшысы қызметiн атқарды. 11-шы сайланған Қаз ССР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты болды.
1990 жылы Маңғыстау облысы қайтадан құрылған кезде халық депутаттары облыстық кеңесi төрағасының орынбасары, 1993 жылдан төрағаның мiндетiн атқарушы, 1994 жылы Республикалық дәрежедегi зейнеткерлiкке шыққаннан кейiн облыс әкiмiнiң кеңесшiсi болды.
Қазақстан коммунистiк партиясы XIV, XV, XVI, XVII (екi кезеңiнiң де) съездерiнiң, республикалық кәсiподақтар Кеңесi XI-шi съезiнiң делегаты болды. 1957 жылы Москвада өткен жастар мен студенттердiң VI-шы Дүниежүзiлiк фестивалiне қатынасты. «Халықтар достығы» орденi, бiрнеше медальдармен марапатталды. Қазақстан журналистер Одағының мүшесi. «Жас коммунистер тәрбиесi», «Маңғыстау-маңғаз мекенiм» (ағасы – Б.Әрiповпен бiрiгiп жазылған), «Өркендi өлке, өнегелi өмiр», «Тұлғалар тағылымы» кітабтары шықты. 1997 жылы шыққан «Маңғыстау энциклопедиясы» Бас редакторының орынбасары, 4 томдық Қазақ ССР эпциклопедиясы авторларының бірі.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1331
22.10.2026
1138
22.10.2026
853
27.10.2026
829
26.10.2026
759
27.10.2026
732
22.10.2026
692
22.10.2026
430
28.10.2026
422
28.10.2026
387
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3369
07.10.2026
3277
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2277
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
