Жоламан Айдарбаев
Жоламан Айдарбаев 1944 жылы 15 тамызында Маңғыстау облысының Маңғыс-тау ауданы, Шетпе ауылында («Жаңа жол» колхозында) дү-ниеге келген. Орта білім алған соң қазақ Мемлекеттік универ-ситетінің журналистика факультетін бітіріп жоғары білім, ал 1975 жылы Жоғарғы Партия мектебін бітіріп, жоғары саяси білім алды.
Атырау (бұрынғы Гурьев) облыстық «Коммунистік еңбек», Маңғыстау облыстық «Коммунистік жол» (қазіргі «Маңғыс-тау») газеттерінде, түрлі аудандық газеттерде, партия, Кеңес, кәсіподақ ұйымдарының жауапты қызметтерінде болды. Мұнайлы аудандық Советінің депутаты болып сайланды. Қазір «Жаңаөзен» газеті бас редакторының орынбасары.
Жоламанның қаламынан туған көркем туындыларын әр кезде оқырман жылы қабылдап келеді. 1985 жылы екі томдық «Тоғысқан тағдырлар түбегі» кітабы, 1990 жылы «Жол айы-рығы» повесі, 1995 жылы екі томдық «Тұтқындар» атты рома-ны, 2004 жыл «Өтті өмір осылай» повестері кітап болып шық-ты. 2007 жылы «Әбу Атшыбаев», 2009 жылы Маңғыстаудың алғаш мұнай, газ байлығын ашып, ел қызметіне қойған ерен еңбек иелері – «Ғазиз Әбдіразақов, Төреғали Қадыров, Сүйе-ген Салманов», 2011 жылы «Қазыналы Түбектің тарландары – Қуанышнияз Тоқбанов, Сұлушаш Баймағамбетова, Нәсіпқали Алмағамбетов», «Мұнайлы аймақтың ақиықтары – Ізбасар Құлжұмыров, Светлана Наушабаева, Лесбай Базарбаев» атты ғұмырнамалық кітаптары жарық көрді.
Жоламанның елге сіңірген еңбектері үкімет тарапынан ла-йықты бағаланып келеді. «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл» медальдарымен мара-патталды. Қазақ ССР мемлекеттік комитетінің Дипломының иегері. Қазақстан Республикасы Ақпарат Министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімінің, Жаңаөзен қаласы әкімінің Құр-мет Грамоталарымен, Қазақстан Республикасы энергетика және минеральды ресурстар Министрлігінің «Ескерткіш белгі-сімен», Маңғыстау облысының қалыптасуы мен дамуына қос-қан жеке үлесі үшін «Ескерткіш белгісімен» марапатталды. 2001 жылы және 2009 жылдары шыққан «Маңғыстау энцик-лопедиясы» кітаптарына, 2007 жылы «Балқан тауға барған ел» энциклопедиясына енген.
Көп оқылғандар
26.10.2026
1560
28.10.2026
1438
27.10.2026
845
26.10.2026
763
27.10.2026
737
28.10.2026
661
28.10.2026
404
24.10.2026
385
25.10.2026
384
28.10.2026
296
23.10.2026
255
25.10.2026
237
28.10.2026
231
23.10.2026
210
21.10.2026
4378
22.10.2026
4232
20.10.2026
3370
07.10.2026
3278
15.10.2026
3208
20.10.2026
2915
09.10.2026
2863
16.10.2026
2571
09.10.2026
2283
05.10.2026
2281
30.09.2026
2169
08.10.2026
2129
15.10.2026
2115
14.10.2026
1871
