Қабиболла Сыдиықұлы
Қабиболла Сыдиықұлы (1934-2001) жылы Атырау облысының Жылой ауданында (қазіргі Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданының Қарақұм өңірінде) дүниеге келген. 1955 жылы Атырау оқытушылар институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін, 1960 жылы Қазақ университетінің филиология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітірген. 1950-55 жылдары Атырау облысы Жылой ауданының халық ағарту саласында, 1960-69 жылдары Атырау педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы, 1969-82 жылдары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институының әдебиет тарихы бөлімінде кіші, аға ғылыми қызметкер болып істейді. 1982-84 жылдарда Форт-Шевченко қаласындағы Т.Шевченко мемориалдық музей-комплексінің директоры болған. 1984 жылдан М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері болып өмірінің соңына дейін істеді.
Қ.Сыдиықов жергілікті және республикалық баспасөз беттерінде 1949 жылдан бері өлең, очерк, мақала, ғылыми зерттеулер жариялап келді. 1959-1985 жылдарда Атырау, Маңғыстау, Орал, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан (Тарбағатай, Зайсан өңірін), Түрікмен, Қарақалпақ аймағын аралап, халқымыздың әдеби, мәдени мұраларын жинады. М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының әдеби, һәм музыкалық мұралар жинау жөніндегі 1986 жылғы Өзбекстан, Тәжікстан, 1987 жылғы Маңғыстау, 1989 жылғы Түрікменстан, Өзбекстан, Атырау экспедицияларына ғылыми жетекшілік етті. Ақын-жыраулар мұрасын, халық әндерін, ауыз әдебиеті нұсқаларын, шежірелер мен тарихи деректерді жинауға зер салды.
Қ.Сыдиықов ақын-жыраулар мен әнші-күйшілер, әдеби, мәдени, тарихи, архитектуралық мұралар, қол өнері, халықтар достығы, Маңғыстау, Атырау тарихы хақында кітаптар, әдеби, ғылыми зерттеулер, публицистикалық мақалалар мен өлеңдер, очерк, суреттемелер, әдеби мұралар жариялады. Олардың бастылары «Жас дәурен» (1962), «Теңіз лебі» (1968), «Ақберен» (1972), «Маңғыстау» (1973), «Ақын-жыраулар» (1974), «Октябрь арайында» (1979), «Дала жыршылары» (1989), «Көркемдік өрнектер» (1992) атты жинақтар.
Қабекеңнің қатысуымен «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы» (1960), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «От ортасынан оралмағандар» (1972), «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері» (1976), «Абай шығармаларының екі томдығы» (1977), «ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы» (1982), «Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті» (1983), «Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі» (1983), «ХІХ ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1985), «ХІХ ғасырдағы қазақ ақындары» (1988), «Қазақ поэзиясының антологиясы» (1992), «ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», «Батырлар жыры» 5,6 томдар, «Алқаласа әлеумет» (1991), Таңдамалы шығармаларының 3 томдығы, т.б. сияқты құнды кітаптары жарық көрді.
Жалпы айтқанда, Қ.Сыдиықов – кітаптарға, жинақтарға енген, журналдар мен газеттерге жарияланған Шалгез, Абыл, Махамбет, Қашаған, Ораз, Есет, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Аралбай, Сәттіғұл, Ерімбет, Мұрын, Досы, Әкімалы, Елбай, Қашқынбай, Досжан (есентемір), Досжан (тама), Насихат т.б. сөз зергерлері мен әдеби, мәдени мұралар хақында 300-ден аса еңбектің авторы. Бұл әрине, бір адамға аз жұмыс емес.
1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің ғылыми кеңесінде филология ғылымының докторы, профессор З.Қабдоловтың жетекшілігімен «Қазақ жырларындағы халықтық дәстүр хақында» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты дәрежесіне, 1975 жылы республика ғылым академиясы президиуымының шешімімен «Кеңес халықтары әдебиеті мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер» деген атаққа ие болды.
2001жылы дүние салды. Мүрдесі Алматы қаласында.
Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Юй Хуа. Соқыр ішек
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато