Шабаз Иманалиев
Иманалиев Шабаз Иманалыұлы 1940 жылы 12 ақпанда Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы Қаракөл ауылында дүниеге келген.
Жастайынан зерек, әсіресе, сөз өнеріне ерекше ынталы жас орта мектепті бітірген соң, 1958 жылы Гурьев педагогикалық институтының (қазіргі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) филология факультетіне түсіп, оны 1963 жылы орыс, қазақ тілдері және әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шығады. Жоғары білімді жас педагог еңбек жолын Қаракөл орта мектебінің оқу ісі меңгерушісі болып бастаған.
1963-65 жылдары Кеңес әскері қатарында борышын абыроймен өтеп қайтқан соң, 1965-68 жылдары Қарабау орта мектебінің директоры қызметін атқарады.
Аудан басшыларының назарын бірден аударған білімді де сауатты, өз ісіне жетік мектеп басшысы көп ұзамай-ақ партиялық қызметке тартылып, 1968-71 жылдары Қызылқоға аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып еңбек етті. Болашағынан көп үміт күттірген талапты маман 1971 жылы Алматы жоғары партия мектебіне жіберіліп, 1973 жылы бітіріп шықты. Бұл кез бұрын Гурьев (қазіргі Атырау) облысының құрамында болған Маңғыстаудың өз алдына жеке шаңырақ көтеріп, жаңадан Маңғышлақ облысы боп құрылған жыл еді. Жоғары партия мектебін бітірген Ш.Иманалиев жаңа құрылған облысқа қызметке шақырылып, кейінгі ғұмырында осы өлкенің төл тумасындай болып, өмірінің ақырына дейін оның дамуы мен гүлденуіне қалтқысыз қызмет етіп өтті.
1973-78 жылдары Маңғышлақ облыстық партия комитетінде нұсқаушы; 1978-80 жылдары Форт-Шевченко қалалық партия комитетінің екінші хатшысы; 1980-85 жылдары Форт-Шевченко қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды.
1985-88 жылдары Маңғышлақ облысының баспа, полиграфия және кітап саудасы басқармасының бастығы; 1988-90 жылдың қазан айына дейін Каспий аймақтық құрылыс басқармасы парткомиссиясының төрағасы; Маңғыстау облыстық партия комитетінің партиялық бақылау комиссиясы төрағасы; 1991-99 жылдары Маңғыстау облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау бас басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
1999-2007 жылдар аралығында Республикалық «Отан» саяси партиясы Маңғыстау облыстық филиалының атқарушы директоры, филиал төрағасының бірінші орынбасары; 2007 жылдан бастап өмірінің соңына дейін Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті ректорының кеңесшісі қызметін атқарды.
Әр жылдары «В.И. Лениннің туғанына – 100 жыл» (1970), «Еңбектегі ерлігі үшін» (1971), «Украинаны фашист басқыншылығынан азат етудің 60 жылдығы» (2004), «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл» (2005), «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен; Маңғыстау облысы әкімдігінің «Маңғыстау облысына – 35 жыл» (2008) төсбелгілерімен, ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Түпқараған ауданының «Құрметті азаматы».
Қоғам қайраткері, ақын Шабаз Иманалыұлы 2011 жылы 1 шілде күні 71 жасында дүниеден озды.
Ш.Иманалиевтің артында қалған қолжазба мұралары, замандастар естеліктері ұл-қыздарының жинақтауымен 2013 жылы «Информ-А» баспасынан «Өмір жыры», «Көңіл сыры» деген атпен екі томдық кітап болып жарық көрді. Құрастырған – ф.ғ.к., доцент Әділет Қабылов.
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...