Әріпұлы Бисембі
Бисембі Әріпұлы 1921(тауық) жылы наурыз айында Маңғыстау ауданы Ортаеспе ауыл Советі(қазіргі Қаламқас өңірі) аймағында дүниеге келген. 1939 жылы Ортаеспе орталау мектебінің жеті класын, осы жылы Гурьевтегі (Атырау) бір жылдық есепшілік курсқа түсіп, бітіріп , еңбек жолын 1940 жылы Тұщықұдықтағы «Бірлік күш» колхозында бас есепші болып бастайды.
1941 жылы қараша айында түбектен алғашқылар қатарында Ұлы Отан соғысына аттанады. Орынбор облысында қысқа мерзімді курстан өткен соң, соғысқа кіші командир болып қатысады. Сталинград майданындағы қанды қырғындарда үш мәрте ауыр жараланып,1943 жылы елге оралады.
1943-1967 ж.ж «1 Май», «Еңбек», «ХІХ партия сьезі» колхоздарында зоотехник, ферма бастығы, колхоз бастығының орынбасары, бас зоотехник, «Еңбек» колхозының басқарма төрағасы болды. 1969-74 ж.ж. Шайырда, Октябрьдің 50 жылдығы атындағы совхозда, 1975-82ж.ж. Жыңғылдыда совхоз директоры болып қызмет жасады. 1983-1988ж.ж. Тұщықұдық селолық кеңес атқару комитетінің төрағасы.
1969 жылы Алматыға ҚКП-ның Х пленумына, шақырылып, 1981 жылы Қазақстан Компартиясы ХҮ сьезіне делегат болып қатысты. Ұзақ жылдар Маңғыстау облыстық, аудандық және селолық Кеңестердің депутаты болды.
Б.Әріпұлы «Қазақстанның ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкер» атағының иегері. Екі мәрте Қазақ ССР-і Жоғарғы Кеңесі Президиуымының Құрмет грамотасымен, КСРО-ның екі Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен, көптеген мемлекеттік медальдар мен белгілермен, тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» орденімен марапатталған. Елге қадірменді , өлкетанушы-шежіреші ақсақал «Асулар», «Маңғыстау – маңғаз мекенім», «Ел тарихы және есімдегілер», «Ел басынан өткен күн» кітаптарының авторы. Ол Қызан, Ақшымырау және Тұщықұдық ауылдарының және Маңғыстау ауданның құрметті азаматы.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2636
28.10.2026
2478
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
29.10.2026
846
26.10.2026
843
29.10.2026
791
28.10.2026
606
28.10.2026
602
29.10.2026
521
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2636
16.10.2026
2586
28.10.2026
2478
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
