Сәбит Әбішұлы 1938 жылы 20 қаңтарда Маңғыстау түбегінде дүниеге келген. 1961 жылы Алматы малдәрігерлік-зоотехникалық институтын бітірген. Еңбек жолын «Жаңажол» ұжымшары, аудандық өндірістік басқармасында бас зоотехник, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, «Ильич», «Қарақұдық» кеңшарларында директор, 1983-1997 жылдары Облыстық Ауылшаруашылық Басқармасы бастығының орынбасары, кейін бастығы қызметтерін атқарды. Осы қызметтен зейнеткерлікке шыққан соң 1998-2000 жылдары Маңғыстау аймақтық асылтұқымды мал шаруашылығы ассоцациясының директоры болып жасады. Еңбек ардагері, қазір құрметті демалыста.
Әбішұлы Сәбит «Маңғыстау» энциклопедиясының (1997 ж., 2008 ж.) редакциялық алқа мүшесі, Маңғыстаудың географиялық-экономикалық орналасуы және Ауылшаруашылығы тарауының авторы. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Оның «Өмір өрнектері» (2002), «Досым туралы толғаныс» (2004), «Шоңай Құлыш би» (2006), «Тағылым» (2009), «Әке рухын еске алу» (2012), «Ананың ақ тілегі» (2012) атты кітаптары жарық көрді.
Адай жылқысы хақында «Тұлпардың тұяғымен өрілген тарих» кітабы баспаға әзірленуде.