Бүгін Ұлттық академиялық кітапхананың Жолдасбеков атындағы залында «Арғымақ» ұлттық танымдық порталының 10 жылдығына орай конференция өтті. Конференцияға астаналық зиялы қауым қатысып, порталдың 10 жылдық жетістігін тілге тиек етіп, ой-пікірлерін ортаға салды. «Арғымақ» ұлттық танымдық порталының негізгі мақсаты - ғаламтордың қуатын пайдалана отырып, қазақ жылқысын насихаттау. Бұл еліміздегі қазақ қазанатының болмыс бітімін айшықтауға арналған бірден бір интернет-жобасы. Порталдың редакторы белгілі журналист Ержан Жаубай. «Әдебиет порталының» атынан «Арғымақ» ұлттық танымдық порталының 10 жылдық қуанышына құтты болсын айта отырып, бүгінгі іс-шарадан арнайы фоторепортаж ұсынамыз.




















