Жәди Шәкенұлы
Жәди ШӘКЕНҰЛЫ - 1967 жылы 5 мамырда Қытай аумағына қарасты Өр Алтай жерінде – Ертіс өзені жағасындағы Шірікши ауылында дүниеге келген.
1991 жылы Шынжаң оқу-ағарту инситутын тарих мамандығы бойынша тамамдаған.
1997 жылы атажұртқа оралған.
1998-2001 жылдар Абай атындағы Алматы мемлекеттік унверситетінің филология факултетінде аспирант.
2001-2005 жылдар «Шалқар-2» газетінде тілші және бас редактордың орынбасары.
2006-2007 жылдар «Қазақ әдебиеті» газеті проза бөлімінің меңгерушісі және «Үн» журналының бас редакторы.
2007-2009 жылдар Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Атажұрт» баспа орталығының бас редакторы (қосымша 2006-2010 жылдар Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қорының президенті).
2009-2010 жылдар Алаш тарихи-зерттеулер орталығында баспасөз хатшысы.
2010-2012 жылдар Республикалық «Жас қазақ үні» газетінде бас редактордың орынбасары.
2012-2013 жылдар «Жас қазақ үні» газетінің Астана қаласындағы тілшісі және Астана университетінің баспасөз орталығының директоры.
2013-2016 жылдар Қоянды орта мектебінің директоры.
2016-2018 жылдар «Тарихи Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің директорының орынбасары.
2019 жылдан қазірге дейін «Тұғырылхан-Оң хан» корпоративтік қоры Қамқоршылар кеңесі төрағасының орынбасары.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Еуразия жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық Шыңғысхан академиясының, ҚР Тарих және Қоғамдық ғылымдар академиясының академигі.
ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕҢБЕКТЕРІ:
1. «Ақбота» – мысал әңгімелер. «Ақотау» баспасы, Алматы-2001ж және ҚХР-да Шынжаң жастар-өрендер баспасы, Үрімжі-2003 жыл.
2. «Балқаймақ» – мысал әңгімелер. «Балалар әдебиеті» баспасы, Алматы-2007 жыл.
3. «Қытайдағы қазақтар» – зерттеулер. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007 жыл.
4. «Бір уыс сәуле» – әңгімелер жинағы. «Жазушы» баспасы, Алматы-2008 жыл.
5. «Қаралы көш» – тарихи роман. «Тұран» баспасы, Алматы-2010 жыл.
6. «Жалғыздың үні» – Сын-зерттеу мақалалары мен сыр-сұхбаттар. Алматы, «Ақотау» баспасы, 2010 жыл.
7. «Ақбалапан» – өлеңдер мен мысал әңгімелер. «Мерей» баспасы, Алматы-2012ж). («Ақбалапан» кітабы 2013 жылы Түркияда Әбдуақап Қараның дайындауымен латын әрпінде жарық көрді).
8. «Жәнібек батыр» – деректі зерттеу. «Мерей» баспасы, Алматы-2013 жыл.
9. «Ақылнама» – әулеттік баян. «Өрнек» баспасы, Астана-2014 жыл.
10. «Арманшыл бала» – балаларға арналған өлеңдер мен мысал әңгімелер. «Өрнек» баспасы, Астана-2015 жыл.
11. «Жүрек неге жылайды», әңгімелер жинағы. «Ақтұйғын» баспасы, Астана-2016 жыл.
12. «Алтай алыптары» (Қ.Айдарханұылмен бірге) – «Заман-Принт» баспасы, Алматы-2018 жыл.
13. «Қаралы көш» – тарихи роман (түрік тілінде), «Календер» баспасы, Стамбул -2016 жыл.
14. «Ел бастаған Елісхан» – деректі зерттеулер (түрік тілінде), «Мамер» баспасы, Стамбул -2018 жыл.
15. «Бозмұнар» роман, хикаяттар. Алматы, «Palitra Press» 2018 жыл.
16. «Қытай қазақтарының әдебиеті», зерттеулер. Алматы, «Palitra Press» 2018 жыл.
17. «Қаралы көш» – тарихи роман (Ахмет Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда) «Асыл кітап» баспасы, Алматы -2019 жыл.
18. «Оспан батыр және Шығыс Түркістан мәселелері». Деректі зерттеулер. Алматы, «Нур принт» баспасы. 2019 жыл.
19. «Тұлпарлар дүбірі», мақалалар жинағы. Алматы, «Palitra Press» 2020 жыл.
20. «Түркілік тек және қазақ тұрғақтары», зерттеулер. «Өрнек» баспасы, Нұр-Сұлтан, 2020ж.
21. «Қожаберген батыр Жәнібекұлы», зерттеу. (С.Борбасов, А.Тоқтабаймен бірге) Алматы, «Palitra Press» 2020 жыл.
22. "Жәнібектің соңғы сапары", Тоо-Алгорифм" Алматы, 2022 жыл.
ҚҰРАСТЫРҒАН КІТАПТАРЫ:
1. «Талбесік» ҚХР қазақ ақындарының жыр жинағы. «Ақотау» баспасы, Алматы-2001ж),
2. «Жиһаншах» – А.Үлімжіұлының поема, өлеңдері (Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, Алматы-2007ж),
3. «Оспан батыр» – деректi зерттеу (Алматы:Арда. 2007ж. Ө.Нәби, Д.Кәппен бірге).
4. «Жас толқын» 2-ші кітап: Проза (Н.Байсақалова, Ұ.Зәуірбековалармен бірге). – Алматы «Жалын» баспасы-2006 жыл.
5. «Жас толқын». 2-ші кітап: Поэзия (Н.Байсақалова, Ұ.Зәуірбековамен бірге). – Алматы «Жалын» баспасы ЖШС-2006 жыл.
6. «Толғауы тоқсан қызыл тіл» – шешендік сөздер. Алматы:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2008 жыл.
7. «Армысың Атамекен» – жыр жинағы. Алматы: Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2008 жыл.
8. «Күнгей бет» – ҚХР қазақ ақындарының жыр жинағы, Алматы:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007 жыл.
9. «Жүзім бағы» – Өзбекстан қазақ ақындарының жыр жинағы, Алматы:Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы, 2007 жыл.
10. «Ер Жәнібек» 1 том – деректі зерттеулер. «Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры», Алматы-2008 жыл.
11. «Оспан»: деректі зерттеулер мен естеліктер. Алматы: Тұран, 2010 жыл.
12. «Армысың Атамекен», шеттегі қазақтың жыр жинағы. Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы; «Атажұрт» баспа орталығы, Алматы-2008ж.
13. «Ел қорғаны – Ер Жәнібек», мақалалар жинағы (Н.Түсіпханұлымен бірге), Алматы, 2014 жыл.
14. «Шақабай батыр» мақалалар жинағы (З.Мұратханұлымен бірге), Алматы, Асыл кітап баспасы, 2017 жыл.
15. «Ел бастаған Елісхан» (Ш. Әбділұлымен бірге), Алматы, Palitra Press, 2017 жыл.
16. «Тұрғақ шежіресі», шежірелік дерек. «Өрнек» баспасы, Нұр-Сұлтан, 2020 жыл.
17. «Тұғырыл хан», ғылыми мақалалар жинағы, Алматы, Palitra Press, 2020 жыл.
18. «Сексен деген жасыңыз» (Ө.Озғанбай), мерейтойлық жинақ. Алматы, Palitra Press, 2021 жыл.
Бұдан сырт жарық көріп үлгермеген «Қайран елім», «Жұмбақ кітап», «Аққу жылаған түн» кітаптары бар.
Баспа саласында Асқар Татанайұлының «Ел қорғаны – Абылай», Мағаз Разданұлының «Алтайдың ақиықтары», Жақсылық Сәмитұлының «Атамекен», Сейітхан Әбілқасымұлының «Қуғын», Қуанған Жұмаханұлының «Құстар қайтып барады», Ырсалды Төкееваның «Ой толқыны», Шәміс Құмарұлының «Ер Жәнібек», Қажығұмар Шабданұлының «Қылмысы» секілді көптеген кітаптарды редакциялап, шетел қазақ әдебиетінің ата жұртта жарық көруіне көрнекті үлес қосты.
Балаларға арналған мысал әңгімелері Қазақстан Республикасының бастауыш сыныптарының «Ана тілі» оқулығына, әңгімелері туралы зерттеулер мен «Шынжаң қазақ әдебиеті» еңбегі әдебиет теориясы жинақтарына кірген. Шығармалары түрік, қытай, иран тілдеріне аударылған.
Көп оқылғандар
Меңдолла Шамұратов. Виктор Гюго. Монархиямен майдандасқан жазушы
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...