Әшірбекова Роза
Роза Әшірбекова (15.4.1938-01.08.2022)
Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Қазгородок ауылында дүниеге келген. Актриса, Қазақстанның халық артисі (1991).
Қазақ академиялық драма театры жанындағы студияны бітірген (1960). Сол жылы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. Сахнада алғаш жасаған образы — жылы Жұмаханов пен Б. Тәжібаевтың “Қарагөз қарындасым” спектакліндегі Анна. Осы театр сахнасында ол сомдаған Ләззат (Т. Ахтановтың “Махаббат мұңында”), Хадиша, Сейде (Ш. Айтматовтың “Арманым Әселімі” мен “Бетпе-бетінде”), Шафақ (М. Кәрімнің “Ай тұтылған түнінде”), Мәншүк (Ә. Тәжібаевтың “Монологтарында”), Дариға (Т. Әбдіковтің “Біз үшеу едігінде”), Ұлбала (Шота Уәлихановтың “Тағдырында”), Ақбөпе (С. Жүнісовтың “Қос Анарында”), Гертруда (У. Шекспирдің “Гамлетінде”), Гиацинта (Мольердің “Скапеннің айласында”), Иветта (Б. Брехтің “Әйдік апайында”), Аркадина (А. Чеховтың “Шағаласында”), Клеопатра Львовна (А. Островскийдің “Адам аласы ішіндесінде”) сияқты рөлдер Ә-нің шеберлігін жан-жақты танытқан, Қазақ сахна өнері тарихынан өзіндік орын алған бейнелер.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2634
28.10.2026
2469
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
857
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
605
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2634
16.10.2026
2586
28.10.2026
2469
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
