Есмағамбет Ысмайылов
Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов (1911-1966) Көкше өңірінде, қазіргі Еңбекшілер ауданының Шоқытас ауылында, 1911 жылы мамыр айының 15 күні дүние есігін ашқан.
«Әкем Самұрат байдың жылқысын бағып, қысы-жазы сол бай малының амандығын тілеп, күн кешеді. Мені ауыл молласы Кенже деген кісіге оқуға беріп, арабша сауаттануыма жол ашады. Кедей баласы жыртық киім ішінде қыс күнінде 3 шақырым жерге жаяу барып оқып тұрғам» деп өзінің балалық шағы тұралы естелігінде жазған.
Ол, Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ұлы тұлғалардың бірі қазақтың аса көрнекті фольклортанушысы, әдебиет зерттеуші, «Қазақ КСР-нің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері» Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов.
1926-1930 жылдары Көкшетау мен Қызылжардағы (Петропавл) балалар үйінде оқып, тәрбиеленген Есмағамбет 1930-1934 жылдары Қазақ мемлекеттік педагогика институтында (қазіргі Абай атындағы педагогикалық университет) тәлім алып, тіл-әдебиет факультетін ойдағыдай бітіріп шығады.
Еңбек жолын ғылыми-зерттеу институтында, журналистика саласындағы қызметтерден бастайды.
1934 жылдан бастап өмірінің соңына дейін КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалындағы Жамбыл атындағы әдебиет және халық шығармашылығы секторының аға ғылыми қызметкері, сектор меңгерушісін, сонымен қатар ғылыми-педагогтік қызметті ұштастырып, абыройлы еңбек етті. Есмағамбет Самұратұлы Ысмайыловтың:
1933 жылы «Тұлпар жыры»,
1934 жылы «Жігер»,
1936 жылы «Жаз еркесі» секілді жыр жинақтары туады.
Сонымен қатар Есмағамбеттің қазақ фольклоры туралы алғашқы зерттеулері «Қазақ әдебиетіне»:
1935 жылы «Қазақтың ел әдебиеті, оған Фирдаусидің әсері» және «Шора батыр туралы» деген мақалалар жарияланады.
1943 жылы «XX ғасырдың басындағы қазақтың демократиялық әдебиеті» деген тақырыпта филология ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін диссертация қорғайды.
1946 жылы Қазақстанда Ғылым академиясы құрылып, оның Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директор қызметтерін атқарды.
1957 жылы «Қазіргі ақындардың шығармашылығындағы ұлттық дәстүр» деген тақырыпта («Ақындар» монографиясының негізінде) докторлық диссертация қорғады.
1958 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі болып сайланды.
1961 жылы «Қазақ КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді.
«Қазақ әдебиеті тарихының» фольклорға арналған еңбегінде Е.Ысмайылов: « XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының ұлт-азаттық жолындағы күрестерінің ең бір іргелісі Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі еді.
Он жылға созылған (1837-1847) бұл көтеріліс қазақтың әлеуметтік тарихынан қандай зор орын алатын болса, ауыз әдебиеті тарихынан да ерекше орын алады» деп жазады.
Ғалымның қазақ фольклоры мен әдебиеті тарихындағы осындай әділ де батыл пікірлері кейін оны «ұлтшыл» деп айыптап, қамауға алуға себеп болды.
Е. Ысмайыловтың «Ақындар» атты кітабы Одақ көлемінде жоғары бағаланған мұра.
Көрнекті ақын, белгілі ғалым Әбділда Тәжібаев өз зерттеулерінде:
«... Есмағамбеттің кеңесі Қасым Аманжолов, Диқан Әбілов, Қалижан Бекхожиндардың 30 жылдардың екінші жартысында бірсыпыра жаңа поэмалар жазуларына себебкер болды деп білемін» деп жазды.
Осы орайда Е.С.Ысмайыловтың әнші ақындардың ерекшелігін, өзіндік сипатын ғылыми жағынан саралап қана қоймай, олардың ірі өкілдері туралы зерттеулер жазғанын да айту керек. «Лирикалы поэманың даму мәселесі» атты мақаласында: Қазақ ақындарына тән ерекшіліктерінің бірі сал, сері, және ақындардың творчествосында лирикалы өлең жанрлардың басымдылық.
Бірақ осы лирикалы жанрлар бұрыңғы фольклордағы салт әдет ғұрыпқа байланысты лирикалы жанрлардың қайталауы немесе соңы жалғасы ғана емес.
Мұны сол ХІХ ғасырдың екінші жарытысындағы Біржан сал, Ақансері, Әсет, Жаяу Мұса тағы басқа ақындардың лирикалы өлеңдерінен толық көреміз. Яғни «Құлагер», «Сырымбет», «Жанбота», «Ақсиса», «Қорлан», «Аққайын», «Әсет», «Ғалия», «Қаракесек» сияқты терең мазмұнды лирикаларды атауға болады..» деген.
Есмағамбет Самұратұлы 1966 жылдың 29 қарашасында дүниеден озды.
Есмағамбет Ысмайлов-қазақ әдебиеті тарихын зерттеуді қалыптастырған, қазақ әдебиеті сынын ілгерілеткен, оның өркенін өсірген, сөйтіп туған әдебиетіне мүлтіксіз қызмет еткен әдебиетіміздің ғұлама ғалымы.
Қайнар көз: Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты
Көп оқылғандар
Меңдолла Шамұратов. Виктор Гюго. Монархиямен майдандасқан жазушы
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Маржан Ершу. Пишта
Юй Хуа. Соқыр ішек
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Қос шынар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Ясунари Кавабата. Аригато
Морфидтер түнде не істейді?
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...