Нұрлан Хавдай
Нұрлан Қабдайұлы 1983 жылы 22 қыркүйекте Монғолияның Баян-Өлгей қаласында туған. 1993 жылы әке-шешесінің етегінен ұстап атамекен – Қазақстанға қоныс аударған. Балалық шағы Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Жарасбай ауылында өтті. 2002-2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факултетінде оқыған.
Еңбекке ерте араласқан. 2003-2008 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты «Сақшы» газетінде, республикалық «Азамат KZ», «Ақ жол Қазақстан», «Дала мен қала», «Қазақ әдебиеті» басылымдарында тілші, Қазақ радиосында редактор-шолушы болды. 2008-2018 жылдары «Хабар» телеарнасының сценарист-редакторы. 2018 жылдың қыркүйек айынан «Әдебиет порталы» интернет-жобасының бас редакторы.
Жазған-сызған бірдеңелері «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналына, Adebiportal.kz, Madeniportal.kz, Abai.kz интернет сайттарына жарияланып тұратын. Әңгімелері Мәскеудегі «Қазақстан-Ресей» әдеби альманағына екі мәрте басылған. Алғашқысында қатты қуанған. Және Мәскеудегі оқырман үшін (өзі осылай деп қиялдайды) Ресейде шыққан жинаққа қазақ тілінде басылғанына таң қалған. Екіншісі жеңіл өтті.
Бір жылдары «Ауылым – алтын тұғырым», «Семсер» әдеби бәйгелерінен жүлде алғаны бар. Сол жолы кредиттің екі-үш айын алдын-ала артығымен төлеп жырғап қалғанын әлі күнге жыр қылады. Өзі бірдеңе-сірдеңе жазған болып, қалған баспа табағын аудармамен толтырып жүріп зорға дегенде «Сұр әңгіме» прозалық кітап шығарған. Соның арқасында Қазақстан жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Ол аздай ҚР Ақпарат саласының үздігі.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2633
28.10.2026
2467
26.10.2026
1613
27.10.2026
1025
27.10.2026
856
26.10.2026
843
29.10.2026
839
29.10.2026
791
28.10.2026
604
28.10.2026
602
29.10.2026
520
28.10.2026
468
21.10.2026
4398
22.10.2026
4269
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3221
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2633
16.10.2026
2586
28.10.2026
2467
05.10.2026
2323
09.10.2026
2311
08.10.2026
2142
15.10.2026
2131
