Ғаббас Қабышұлы
Ғаббас Қабышұлы - 1935 жылы 9 сәуірде Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Ұранхай ауылында дүниеге келген. 1955 жылы облыстық «Алтай болыпевигі» (қазіргі «Дидар») газетінде корректор, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болды. 1966 жылы республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясына ауысып, жауапты хатшының орынбасары, көркем әдебиет, әдеби сын бөлімдерінде меңгеруші болып істеді. 1962—1968 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде сырттай оқып, жоғары білім алды. 1974 жылы КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, 1983 жылы республикалық «Ара-Шмель» сатира журналының Бас редакторы, 1989 жылы ҚЖО қүзырындағы Көркем аударма және әдеби байланыс Бас редакциясы алқасының бөлім меңгерушісі, 1994-1996 жылдары ҚЖО басқармасының екінші хатшысы болып, зейнеткерлікке шықты.
Әзіл-сықақ, әңгіме, хикаят, сын, көркем очерк, көсемсөз, мақала жазды. 14 жинақтың авторы. Орыс әдебиетінен А.Чехов, Д.Ленч, С.Михалковтың, украин әдебиетінен О.Вишнянның, серб әдебиетінен Б.Нушичтің әңгімелерін, түрік әдебиетінен Ә.Несиннің «Футбол королі» сықақ романын, таңдаулы әзіл-сықақ әңгімелерін, (жиыны 2 кітап), молдован әзілқойы А.Бусуйоктың «Менің париждік нағашым» хикаятын аударған.
Ұйымдастырып шығарған еңбектері: «Жан қайығын жарға үрдым» (І.Жансүгіров туралы естеліктер жинағы); «Менің Сәбитім» (С.Мұқановтың жүбайы Мәриям апайдың естелігі).
Әрі ұйымдастырып, әрі құрастырып шығарған еңбектері: «Көрінім, көңілге түйгенім»; «Күлкіңді жүр міз сағыныш»; «Әлем таныған Әнуар. Признанный миром Ануар»; «Хакім. Михаил Иванович. Мәке» естеліктер жинағы. О.Әубәкіровтің 4 томдық таңдамалысын, Х.Есен-әлиевтің 4 томдық таңдамалысын құрастырып шығарды. Әзіл-сықақ әңгімелері «Қымызхана», «Тамаша» театрларының сахналарында қойылған.
«Мінездеме», «Мысықта сақал неге жоқ?», «Күлеміз бе, қай-теміз?», «Тарихта қалғың келе ме?», «Бұл әлгі кім ғой...», «Халіңіз қалай?» «Кадр мәселесін... мәселе шешеді», «Жетім жиналыс», «Смех и слезы», «Екі хикая», «Көлденең кітап», «Сағыныш сазы», «Адамның кейбір кездері», « Жолаушылар », «Сайыңнан саяқ құрлы сая таппай...», «Төрт хат», «Тарғыл тағдыр», «Гүл аңсағай бір ғұмыр. Айғыр кемпір.», «Удай уәде», «... изация», «Арыңның сөзін айта біл. Скажи все по совести», «Анау-мынауизация» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2005).
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды