Қабдеш Жұмаділов
Қабдеш Жұмаділов – 1936 жылы 24 сәуірде ҚХР, Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы. Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965). (24.04.1936 ж. т.) - жазушы, Қазақстанның халық жазушысы. Оның «Жас дәурен»өлеңдер, «Қаздар қайтып барады», «Сары жайлау», «Шарайна», «Сәйгүліктер» әңгіме, повесть жинақтары, «Көкейкесті», «Бақыт жолында», «Атамекен» т. б. романдары, «Соңғы көш» оқырман қауымға жақсы таныс. Жұмаділовке Шығыс Түркістандағы қазақтардың өмірі мен азаттығы жолындағы күресі суреттелген «Тағдыр» романы үшін Қазақстан Республикасының Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілген. [1]Қазақ әдебиеті газетінде (1965 - 67), Жазушы баспасында (1967- 76), Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде (1976 - 81) қызмет істеген. 1981 жылдан шығарманың жұмыста. Жұмаділовтің алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспасөз беттерінде, ал Жамал тырнақалды әңгімесі 1956 жылы Үрімжіде шығатын Шұғыла журналында жарияланған. Жұмаділовтің бір олеңдер жинағы, сегіз роман, бес повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық корген. Олардың негізгілері Қаздар қайтып барады (1967) атты әңгімелер жинағы, Көкейкесті (1969), Соңғы қош (1974 - 81,), Атамекен (1985), Тағдыр (1988,) романдары, Соңғы көш (1-кітап 1974; 2-кітап 1981) және Дарабоз (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары. Жұмаділовтің соңғы жылдардағы көлемді шығармасы - Таңғажайып дүние (1998) ғұмырнамалық, Қылкөпір (2003) романдары.
2021 жылы 5 сәуірде дүниеден өтті.
Көп оқылғандар
22.10.2026
4228
22.10.2026
1829
26.10.2026
1550
28.10.2026
1314
22.10.2026
1137
22.10.2026
852
27.10.2026
826
26.10.2026
758
27.10.2026
732
22.10.2026
691
22.10.2026
430
25.10.2026
383
21.10.2026
4376
22.10.2026
4228
20.10.2026
3369
07.10.2026
3276
15.10.2026
3208
20.10.2026
2914
09.10.2026
2863
29.09.2026
2816
16.10.2026
2570
09.10.2026
2280
05.10.2026
2275
30.09.2026
2168
08.10.2026
2128
15.10.2026
2114
