Нағашыбек Қапалбекұлы
Нағашыбек Қапалбекұлы – қазақтың белгілі жазушысы, қоғам қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
1980 жылы «Жалын» баспасынан «Еңлікгүл» атты тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көріп, содан бері ондаған прозалық жинақтар шығарған. Олардың қатарында «Ерекше тапсырма» (1981), «Дос жүрегі» (1985), «Қызыл елік (1986) , «Таудап түскен тұман» (1993), «Махаббатсыз өмір жоқ» (1994), «Бойтұмар» (1995), «Жерошақтың түтіні» (2002), «Біздің ауыл тау жақта» (2007), «Құт пен жұт» (2008), «Шамшырақ» (2008), «Суықтөбенің ұлары» (2011), «Құс қанаты» (2013), «Миллионер» (2023) атты әңгімелер мен хикаяттар жинақтары бар. «Қарасай батыр» және «Кек» атты романдардың авторы.
Халықаралық деңгейдегі жазушы ретінде кітаптары шетелдерде сол елдің тілдерінде – орыс, өзбек, қырғыз, қытай, моңғол, түрік тілдерінде шыққан.
Нағашыбек Қапалбекұлының шығармашылығы туралы Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов кезінде «Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлының бұрын да басқа кітаптарын оқып, ерекше сүйсінген едім, бүгінгі өмірге тән шыншылдығымен оқырманын бірден баурап әкетеді» деп жазса, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов «Нағашыбек Қапалбекұлының әңгімелері мен повестері адам жанына жақын, оқырман қауымын өзіне тез тартып ала кетеді. Себебі, шығармадағы шиеленісті көркем бейне, кейіпкер тілі арқылы ғана толығымен, нақышына келтіре отырып жеткізе алады» деп баға береді.
2015 жылы үш томдық шығармалар жинағы (повестер мен әңгімелері), 2020 төрт томдық шығармалар жинағы жылы жарық көрген. Қаламгер – елу бес кітаптың авторы, көптеген ғылыми еңбек жазып, бірнеше жинақ құрастырған.
1950 жылы 16-наурызда Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қызыләскер ауылында туған.
1968-1970 жылдары Кеңес Одағының Қиыр Шығысында әскери борышын өтеп қайтты. Ол Приморье өлкесіндегі 1969 жылы шекарада Даманск аралы соғысына қатысқан Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақстан Республикасы Даманск оқиғасы ардагерлер кеңесінің төрағасы.
1971 жылдан құрылысшы, автоклуб меңгерушісі, Жамбыл аудандық “Екпінді еңбек” газетіне (қазіргі “Атамекен”) газетінде корректор, әдеби қызметкер болып жұмыс істеген. Ал, 1973 жылы Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1979 жылы бітірген.
«Екпінді еңбек» газетінде тілші, жауапты хатшы, радиоұйымдастырушы, редактордың орынбасары, 1980-1987 жылдары осы газеттіңбас редакторы болды. 1986 жылдан аудандық «Отан» қоғамының төрағасы, халықаралық Жамбыл қорының бас директоры, республикалық Қарасай батыр қорының директоры,Қазақстан Жазушылар Одағы Алматы облыстық филиалының директоры сияқты жұмыстар атқарып, белсенді қайраткерлік танытты. 2000 жылғы 1 қарашадан республикалық кітап музейінде директор қызметін атқарды. 2016 жылдан ЮНЕСКО-ның Мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері. «Бәйдібек баба» республикалық қорының президенті.
2021 жылы Жамбыл мұрасының жайлы 40 томдық жинағын құрастырып, шығарды. 2024 жылы Сүйінбай ақынның 10 томдық толық шығармалар жинағын құрастырды. Нағашыбек Қапалбекұлы тарихи тақырыптарға жиі барады. Атақты бабамыз Жамбыл және оның ақындық төңірегі жөнінде ізденіп зерттеп, ел мен жер, өткен мен бүгін жайлы сабақтастыра отырып, танымдық тағлымы мол дүниелер жазды. Оның кейіпкерлері – қазақ елінің біртуар перзенттері: Қарасай, Шапырашты Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр, Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Бекболат секілді дулығалы батырлар, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Өтеп, Өмірзақ, Әбдіғали, Есдәулет, Саяділ секілді дуалы ауызды ақындар, Фараби мен Абай, Төле би, Жамбылдың ақын шәкірттері, Балуан Шолақ, Сарыбай би, Андас датқа, Тезек төре, Медеу Пұсырманұлы, Мақыш балуан, Құртқа тәуіп, Түктібай қобызшы, Сәт болыс, Қырбай сал және тағы да басқа тарихи тұлғалар.
«Жамбыл әлемі» атты үш тілдегі фотоальбом, «Төле би», «Балуан Шолақ», «Сыпатай батыр», «Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр», «Сарыбай би», «Ғибрат», «Ата тағлымы», «Оспанханнан қалған сөз», «Іңкәр сезім – сырлы әуен», «Кітап әлеміне саяхат», «Батаменен ел көгерер», Үмбетәлі Кәрібаевтың 2 томдығы тағы да басқа жинақтар құрастырды. Бірнеше телефильм мен видеофильмдерге сценарий, пьесалар жазды.
Алған мемлекеттік наградалары:
- Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
- «Құрмет» орденімен және оннан астам мемлекеттік медальдармен наградталған.
- Біріккен Ұлттар Ұйымының «20 лет содружество ООН» халықаралық ордені
- Ресейдің «100 лет Вооруженных силам» ордені
Құрметті азамат атағын мына аймақтардан алды:
- Алматы облысының Құрметті азаматы
- Алматы облысы Жамбыл ауданының Құрметті азаматы
- Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы
- Алматы облысы Қарасай ауданының құрметті азаматы
Академик атағын алған ғылыми орындар:
- Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық академиясының академигі
- Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі
- Қазақстан журналистика академиясының академигі
- Халықаралық Экология академиясының академигі
- Салт-дәстүр академиясының академигі
- Құртқа тәуіп атындағы ғылыми академиясының академигі
Профессор атағын берген жоғары оқу орындары:
- Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры
- Қонаев атындағы заң гуманитарлық университетінің профессоры
- Статистика және экономика академиясының профессоры
- М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры.
Алған атақтары:
- Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
- Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері
- Чувашияның халық батыры, тархан атағы 2022ж.
- Халықаралық «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Т.Сатылғанов атындағы сыйлығының лауреаты
- Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2 мәрте және СССР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты атанды.
- Халықаралық Жамбыл сыйлығының лауреаты
- Чувашияның әдебиет жөніндегі 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Қазақстан Журналистикасының қайраткері
Н.Қапалбекұлының кітаптары мен шығармалары Ресейде, Түркияда,
Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстанда аударылып, басылды.
Бірнеше мәрте аудандық кеңеске депутат болып сайланған.
Ұлы Жамбылдың 150,175 жылдығын, Қарасай батырдың 400 жылдығын, Төле бидің 350 жылдығын басқа да көптеген тарихи тұлғалардың мерейтойларын ұйымдастырып, кітаптарын шығарып, түрлі ғылыми конференция-кештер өткізуге белсене атсалысып жүрген белгілі қоғам қайраткері.
Н.Қапалбекұлының әкесі Қапалбек Егізбаев (1916-1980) Ұлы Отан соғысының ардагері, үш орден 14 медальмен наградталған колхозшы. Ерлігі мен еңбегі үшін Қарғалы ауылындағы бір көшеге Қапалбек Егізбаевтың есімі берілген. Шешесі – Егізбаева Күлиман (1927-1971) бес баланың анасы.
«Өнегелі өмір» сериясымен әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде Н.Қапалбекұлының жазушы, тарихшы-зерттеуші, қоғам қайраткерлігі жаййында бір томдық кітап жарық көрді.
Көп оқылғандар
Жадыра Шамұратова. Жеңеше
Өмірзақ Қажымғалиұлы. Сергу
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
Көкбөрі Мүбарак. Ырғақпен сөйлеген ақын
Әбіш Кекілбаевтың «Дәурен кешкен» жыр жинағы жарық көрді
Жақсының көзі. Салтанат Мұстафина. Б.Майлиннің шөбересі
Юй Хуа. Соқыр ішек
Таулықтың жары (авар ертегісі)
Маржан Ершу. Пишта
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
Жексенбай Қайыпұлы. Дүниені бағамдасаң биіктен...
Екеудің Эмиль Чоран жайлы әңгімесі
Қос шынар
«Менің бақытым алған атақтарым мен марапаттарымда емес...»
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
Бір күні бәріміз оянармыз
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
Жасанды интеллект және әдебиет
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
Ясунари Кавабата. Аригато