Бүгінгі туған күн иесі
Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Мұхамеджан Қаратаев
Мұхамеджан Қаратаев (1910–1995) 27 желтоқсанда қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Телікөл ауылында туған.
Әдебиет зерттеуші, Қазақ КСР Халық жазушысы (1987), профессор (1967), Қазақ КСР ҒА-ның академигі (1975). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген қайраткері (1974). Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1933).
1936–1938 жж. Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, төрағасы, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ және орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.
1938 жылы КСРО ҒА-ның Қазақ филиалы президиумының мүшесі, Қазақ әдебиеті секторының меңгерушісі.
1947–1951 жж. Жамбыл педучилищесінде оқытушы.
1955–1960 жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы») редактор, бас редактордың орынбасары, директор.
1960–1968, ҚСЭ-нің бас редакторы (1968–1979), 1979– 1988 жж. Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтында бөлім меңгерушісі, кеңесшісі. Ол 30-жылдардан сыншы-ғалым ретінде қазақ әдебиетіне белсене араласты. 50-жылдардың орта кезінен бастап қазақ әдебиетінің даму тарихын, теориясын, эстетикалық мақсат-мұратын зерттеумен шұғылданады. Қазақ әдебиетінің қалыптасу проблемаларын зерттеді. «Туған әдебиет туралы ойлар» (1958), «Шеберлік шыңына» (1963). «Социалистік реализмнің қазақ прозасында қалыптасуы» (1965), «Эпостан эпопеяға» (1969), «Революция рухымен» (1978), т.б. еңбектер жазды. «Даладағы дабыл» атты публицистикалық романы қазақ және орыс тілдерінде бірнеше рет басылды. М.Горькийдің «Менің университетім», М.Шолоховтың «Тынық Дон» романын (3-кітап) аударған. Халықаралық әдебиет сыншылары қауымдастығының мүшесі (1974), Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты («Асулар алда» монографиясы үшін, 1974). Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және академик С.И.Вавилов атындағы медальдармен марапатталған.
Шығармалары: «Туған әдебиет туралы ойлар» (1958), «Рожденная Октябрем» (1958), «Путешествия за песнями» (с Брагиным А.) (1958), І.Жансүгіров (1959), «Казахская литература» (1960), «Любить и утверждать прекрасное» (1960), «Өнерпаз болсаң арқалан» (1960), «Гудок в степи» (с Алтайским К.). (1961), «Даладағы дабыл» (1962), «Шеберлік шыңына» (1963), «С.Сейфуллин» (1964), «Әдемілікке үйрететін ұстаз» (1965), «Осы заман шындығы – қазіргі әдебиет өзегі» (1965), «Социалистік реализмнің қазақ прозасындағы қалыптасуы» (1965), «Мировозрения и мастерство» (1965), «Сұлулықты қастерлейік» (1965), «Мұхтар Әуезов» (1967), «Эпостан эпопеяға» (1969), «От домбры до книги» (1969), «На пути солнца и ветра» (1969), «Әдебиет және эстетика» (1970), «Путешествие в Жер-Уюк» (1971), «Совет әдебиетінің мақтанышы» (1972), «Таңдамалы шығармалар» (1-3 том). (1974), «Свет русской культуры» (1975), «В Семье единой» (1976), «Эстетика казахского фольклора» (1976), «Қазақ әдебиетінің классигі – М.Әуезов» (1977), «Жиделі-Байсын – земля счастья» (с К.Алтайским). (1977), «Вершины впереди» (1977), «Революция рухымен» (1978), «Новые горизонты» (1979), «Октябрь төлі» (1980), «Ғ.Мүсірепов» (1982), «Көргенім мен көңілдегім» (1982), «Ізденіс іздері» (1984), «Соб. Соч. В 3-х томах» (1986–1987), «Бетбұрыс белестері» (2005), «Ғасырлар үндеуі» (2006), «Основоположники казахской советской литературы» (совметно с Б.Наурызбаевым и М.Дуйсеновым). (1984), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (1938), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (Т.Нұртазин, С.Қирабаевпен бірге). (1968), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (С.Қирабаевпен бірге). (1971), «Қазақ совет әдебиеті» (оқулық). (1987), «Қазақ әдебиеті тарихы 3-т, 2-кіт.» (1967).
Көп оқылғандар
Ақжан Аманжол. Біз неге жаздық тағдырсыз өлең...
09.12.2024
804
«Ауылым» әнінің авторы өмірден озды
09.12.2024
795
Маржан Ершу. Пишта
11.12.2024
678
Юй Хуа. Соқыр ішек
10.12.2024
633
Эрих Фромм "Еркіндіктен қашу"
09.12.2024
547
Әмірхан Балқыбек. «Тәураттағы» баба түркі іздері
12.12.2024
413
Қазақстан Жазушылар одағына тоқсан жыл
13.12.2024
267
Абай университетіндегі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы
10.12.2024
263
Сауытбек Абдрахманов. Құран және Пушкин
26.11.2024
7901
Қос шынар
25.11.2024
1884
Гүлжамал Майлина. Аяулы жолдас, адал жар
15.11.2024
1741
Бір күні бәріміз оянармыз
21.11.2024
1616
Айбек Оралхан. Менің хан апам...
18.11.2024
1566
Ләйлі Құндақбайдың «Сәруар сарын» жинағы жарық көрді
03.12.2024
1339
Талапбек Тынысбек. Шығыстың қоңыр аюы...
20.11.2024
1301
Жасанды интеллект және әдебиет
27.11.2024
1257
Жақсының көзі. Дәнел Әлкейқызы Марғұлан
02.12.2024
1068
Қуандық Түменбей. Социалистік бәсеке
25.11.2024
1057
Ясунари Кавабата. Аригато
18.11.2024
987
Морфидтер түнде не істейді?
20.11.2024
938
Әділбекова Жанар. Жүрегімдегі дара тұлға…
19.11.2024
899