Женіс Қашқынов
ЖЕҢІС РАХМЕТОЛЛАҰЛЫ ҚАШҚЫНОВ (ТОҚЫРАУЫН) - (1942-2005)
Белгілі ақын, қарымды қаламгер, жүйрік журналист Жеңіс Қашқынов Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Қуаныш ауылында, Қызылсеңгір тауының бауырында, Тоқырауын өзенінің жағасында 1942 жылы 4 наурызда дүниеге келген.
Бастауыш сыныпты «Қоңырат» ауылындағы мектепте оқыған соң, Алматыдағы көрнекті тіл маманы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған Әсет Болғанбайұлының қолына келеді. Алматыдағы № 12 қазақ орта мектебін 1959 жылы, Әл-Фараби атындағы қазақтың мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетін 1964 жылы тәмамдайды.
Университетті бітіргеннен кейін журналистік жолға біржола бет бұрады. Алғашқыда «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), кейін 1965-1985 жж. аралығында Қазақ радиосында Әдебиет және драма редакциясын басқарады. Қазақ радиосында жұмыс атқарған кезінде М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафин, С. Мұқанов, Қ. Бекқожин, Х. Ерғалиев, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков және М. Мақатаев сияқты ақын-жазушылардың; Ә. Қастеев, Ә. Жүсіпов, С. Романов сияқты суретшілердің; Қ. Қуанышбаев, С. Қожамқұлов, С. Майқанова, К. Қармысов, Ш. Жандарбекова, С. Оразбаев сияқты тағы басқа да өнер адамдарының шығармашылық портреттерін жасап, дауыстарын радионың алтын қорына жаздырып қалдырды. Кейін Баспасөз комитетінде, «Мектеп» баспасында қызмет атқарды.
Тұңғыш өлеңдері 10 сыныпта оқып жүргенде «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналы мен «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылды. Жеңіс бүлдіршіндер де, ересектерге де арнап өлеңдер мен дастандар жазған эпик ақын. Алғашқы балаларға арналған «Кешкі күн» суретті кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» аталатын таңдамалысы 1987 жылы жас оқырмандар қолына тиді. Ақынның 20-дан астам жыр кітабының жартысына жуығы балаларға арналған. 1978 жылы Молдавияда, 1980 жылы Грузияда, 1987 жылы Белоруссияда өткен Бүкілодақтық балалар әдебиеті күндеріне Қазақстан Жазушылар одағынан делегат болып қатысты.
Мектепті бітіріп, ҚазМУ-ге оқуға түскен кезінде, өзі жастай ұнатып, балуан болуды армандаған ойын іске асыру мақсатында күрес секциясына жазылады. Еркін күрестің әдіс-тәсілдерін үйрене келе, университет пен Алматы қаласының чемпионы атанып, «Спорт шебері» атағын қорғады. Сондықтан да ақын шығармаларында спорт тақырыбы елеулі орын алады.
Жеңіс 1965 жылдан КСРО Журналистер одағының, ал 1973 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшесі. Балаларды патриоттық рухта тәрбиелейтін «Батыр Қазбек Нұржанов» (1972), «Ақжолтай Ағыбай батыр» (1996), «Атыңнан айналайын атамекен» (2002), «Туған жер топжарғандары» (2006) деп аталатын прозалық туындыларының да жастарды Отанын шексіз сүюге баулитыны сөзсіз.
Қазақ әдебиетінің өркен жаюына елеулі үлес қосқан қаламгердің шығармалары жайлы кезінде көрнекті ақын-жазушылар баспасөз беттерінде жылы лебіздерін білдірді.
Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған қоғам қайраткері, аптал азаматақа Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1994), Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы (1997) атақтары берілді.
Ол көптеген дүниежүзі және бауырлас елдер ақындарының жырларын қазақ тіліне тәржімалаған шебер аудармашы. Өзінің де өлеңдері орыс, украин, белорус, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Шығармалары оқулықтар мен антологияларға енген. Көптеген өлеңдеріне әндер жазылған. Мысалы, сазгер Т. Қышқашбаевтың «Астана жыры» әнінің өлеңі Жеңістікі. Бұл әнді «На-На» ансамблі Париж бен Мәскеуде, республикамыздың көптеген қалаларын аралағанда қазақ тілінде шырқады.
Ақын Жеңіс Қашқынов бірнеше жыр бәйгесінің, мүшәйраның жеңімпазы. Сондай-ақ, грамота-дипломдармен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Көп оқылғандар
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Дәуір дарабозының туғанына 90 жыл
Торғайда дүбірлі той басталды!
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Сағадат Ордашева. Таласбек Әсемқұлов руханияты
Алтын Иманбаева. Мөлдір әлем иесі...
«Біз Абай туралы күнде ойланамыз...»
Бақыт Бәйтібаева. Диастың періштелері
Мұқан Иманжанов жазбасындағы Мәлік Ғабдуллиннің өмір жолы
«Абай жолы» эпопеясындағы көркем шындық пен тарихи шындық
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драма жанры
Ұлттық идея – ұлы Абай еңбектерінде жатыр...
Қоңыр үнді домбыраның қоңыр кеші
Сатирик ақын Асқар Тоқмағамбетовтің туғанына 120 жыл
Қостанайда Міржақып ескерткіші ашылды
Архивтегі ашық есік күні
Төлен Әбдік. Ол кезде бәріміз бақылауда болдық
Жадыра Шамұратова. Нөлінші қабатта жоғалу
Жарық пен көлеңкенің арасын жазу
Жазушы және socialnetwork: идиократия қақпанында
Жазушы Қуандық Түменбай жетпіс жаста
Мұхарбек Жәкейұлы. Ай жарығында оқылған хат
«Солар жайлы ойлансын ұрпағымыз...»
Өркениеттік өлшем: сана дағдарысының қазіргі сәті
Сағындық Рахымжан. «Инженю...» (әңгіме)
Уақыт – үнсіз куәгер...
Тұрған жердің тарихын білеміз бе?
Баянауыл дейтін ел көрдік...
Тарыдай болып кіресің...
Қарағанды облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды