Шаяхмет Хұсайынов
Шаяхмет Хұсайынов - (1906-1972) 1906 жылы 12 мамырда Ақмола облысында дүниеге келген. Драматург, киносценарийші. Мәскеудегі А.Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факультетінде оқыған. 1940-1950 жылдары Семей драма театрының көркемдік жетекшісі, Қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі, «Қазақфильм» киностудиясы сценарий бөлімінің редакторы, Қазақ КСР ҒА өнертану секторының ғылыми қызметкері болып істеген. Оның алғашқы шығармасы 1932 жылы жарық көрген. Содан бастап «Шабуыл», «Орақ», «Шолпан», «Кеше мен бүгін», «Көктем желі», «Есірткен ерке», «Ертіс жағасында», «Біздің Ғани», «Әл-Фараби» атты пьесаларын жазған. Ол өзінің 1942 жылы жарияланған «Алдар Көсе» пьесасында қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздың негізінде, әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрескер, халық кейіпкері - Алдар Көсенің бейнесін жасады. Сонымен қатар В.Абызовпен бірге «Шабандоз қыз», «Біз осында тұрамыз», «Асау Ертіс жағасында» кинофильмдерінің сценарийін жазды. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Көп оқылғандар
20.04.2026
10840
17.04.2026
2805
18.04.2026
2284
17.04.2026
2228
17.04.2026
1928
17.04.2026
1927
17.04.2026
1740
18.04.2026
1648
18.04.2026
1621
21.04.2026
1520
19.04.2026
1495
20.04.2026
1485
17.04.2026
1473
20.04.2026
1450
04.04.2026
12118
20.04.2026
10840
28.03.2026
8197
31.03.2026
7876
27.03.2026
7651
07.04.2026
7449
04.04.2026
6195
30.03.2026
6191
02.04.2026
6051
31.03.2026
5876
07.04.2026
5681
02.04.2026
5597
27.03.2026
5318
10.04.2026
4940
