Асқар Лекеров
Асқар Лекеров (1912–1964) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз ауылында туған.
1932–1934 жж. Алматыдағы «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясында істеген. 1934–1936 жж. армия қатарында болып, 1936–1938 жж. Алматыдағы журналистер институтында оқыған. Оны бітірген соң, 1941 жылға дейін «Социалистік Қазақстан» газетінің редакциясында еңбек етеді. Ұлы Отан соғысына қатысып, одан оралған соң 1946 жылдан «Социалистік Қазақстан» газетінде, 1950–1953 жж. КОКП Орталық Комитеті жанындағы партия мектебінде оқыды.
1953– 1954 жж. «Әдебиет және искусство» журналы редакторының орынбасары болды. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы») редактор қызметін атқарды. Әдебиетке 1934 жылдан бастап араласты, кішігірім очерк, әңгімелер жазудан бастады. Еңбектері 1937 жылдан бастап газет-журналдарда жарияланып, 1955 жылы алғашқы өлеңдер жинағы, ал 1957 жылы әңгімелер жинағы басылып шықты. Қытай жазушысы Дин-Линнің «Санған өзені үстіндегі күн нұры» деген еңбегін және «Ауған ертегілерін» қазақ тіліне аударды. Қызыл Жұлдыз, І, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Шығармалары: Достар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1955; Сөнбейтін жұлдыздар. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1957; Гауһар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Түз гүлі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Өмір оты. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Ауған ертегілері. Аударма. А., 1984.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2446
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2446
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
