Мұқан Мамажанов
Мұқан Мамажанов (1929–1996) 10 ақпанда Алматы облысы, Талғар ауданы, Калинин атындағы колхозда туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығармашылық еңбек жолын «Қазақстан пионері» газетінің әдеби қызметкері, аудармашы редактор болып бастады. Осы газеттің және «Лениншіл жастың» (қазіргі «Жас алаш») бөлім меңгерушісі, 1955–1958 жж. «Қазақстан пионері» газетінің редакторы, бұдан соң 1986 жылға дейінгі аралықта БЛКЖО Орталық Комитеті насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақстан» баспасының Бас редакторы, директоры, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің алқа мүшесі, бас редакторы, төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті насихат және үгіт бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары, «Қазақстан коммунисі» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған.
«Советтік Қазақстанның кітаптары», «Листовкадан энциклопедияға дейін», «Достар арасында» (1959), «Кітаптан түскен шуақ» (1997), т.б. еңбектері жарық көрді. Көркем аударма саласында еңбек еткен. Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың игергені үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.
Аудармалары: С.Георгиева. Повестері мен әңгімелері. А., ҚМКӘБ, 1956; Бонч-Бруевич. Ленин туралы әңгімелер. А., «Қазақстан», 1958; С.Заресной. Жеті күн туралы повесть. «Жазушы», 1965; В.Песков. Таңғы шық. А., «Қазақстан», 1966; В.Котик. Ол пионер болған еді. А., «Жазушы», 1967; Нгуен Динь Тхи. Сөгілген көбе. А., «Жазушы», 1973; Нгуен Динь Тхи. Бұрқанған дария. А., «Жазушы», 1980; Петрусь Бровка. Тоғысқан арналар. А., «Жазушы», 1984.
Көп оқылғандар
28.10.2026
2619
28.10.2026
2447
26.10.2026
1612
27.10.2026
1025
27.10.2026
844
26.10.2026
843
29.10.2026
821
29.10.2026
785
28.10.2026
602
28.10.2026
597
29.10.2026
514
28.10.2026
466
21.10.2026
4398
22.10.2026
4266
20.10.2026
3394
07.10.2026
3318
15.10.2026
3220
20.10.2026
2946
09.10.2026
2901
28.10.2026
2619
16.10.2026
2586
28.10.2026
2447
05.10.2026
2322
09.10.2026
2310
08.10.2026
2141
15.10.2026
2131
